Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алимент төлеу – қарыз емес, парыз

Алимент төлеу – қарыз емес, парыз

Алимент ажырасқан ата-ананың бірі­нің балаларға кәмелет жасқа тол­ғанға дейін беретін қаражаты ғана емес, ата-анасы­нан бас тартқан ересек балалар төлейтін қаражат болып та есептеледі.
Алименттер сот тәртібімен өндіріліп алынған кезде кә­ме­летке толмаған бала­ларға өндіріліп алынатын али­менттер мөлшерін заң төлеуші жалақысына үлесті қатынаста айқындайды. Сонымен кәмелетке толмаған бір балаға ата-анасының айлық жалақысының немесе өзге де табыстарының төрттен бір бөлігі, екі балаға- үштен бір бөлігі, үш және одан да көп бала үшін – тең жартысы мөлшерінде алимент төленеді. Сот, сондай-ақ тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын немесе өзге де көңіл бөлуге тұратын жайттарды ескере отырып, бұл үлестердің мөлшерін көбейте немесе азайта алады. Мысалы, ата-анасының жұмыс таба алмауы осыған жатқызылуы мүмкін. Сот мұндай жағдайда алимент мөлшерін азайтып, жалақының белгілі бір бөлігін өндіріп алуды белгілейді.
Сот әрбір нақты жағдайда осы жайттардың бәрін де ескереді. Заңда, сонымен қатар ерекше жағдайлар туындаған кезде ата-аналардың балаларды асырап-бағуға қосымша шығындар жасауға қатысу міндеттері де белгіленген. Мәселен, балалардың ауыр науқасы, шипа­жайлық ем қажеттілігі және басқалары. Сот мұндай жағдайда алиментке қоса қосымша ақылай қаржы төлеуді немесе балаларды нақты асырап-бағуға қаржы сомасын белгілейді.
Алимент төлеуші суретші болса, сома мөлшері оның сататын картиналарының санына және бағасына байланыс­ты болады. Егер алимент төлеуші ата-ананың жалақысы не өзге де табыстары мүлде болмаса, алимент мүлік ретінде өндіріліп алынады.

Е.ТІЛЕУБАЙ,
аудандық соттың жетекші маманы
07 қараша 2021 ж. 509 0