Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу жөніндегі ата-ана міндетін орындамағаны үшін 51 688 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды

Кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу жөніндегі ата-ана міндетін орындамағаны үшін 51 688 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды

Сырдария аудандық сотында кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамаған азаматша Е-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азаматша Е. кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу жөніндегі ата-ана міндетін орындамай, кәмелетке толмаған баласының автокөлікті басқару құқығынсыз басқарып, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекетін жасаған. Оның кінәсі іс құжаттарымен және кінәсін мойындаған жауабымен толық дәлелденген.

Сырдария аудандық сотының қаулысымен азаматша Е. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 51 688 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»
16 қыркүйек 2024 ж. 233 0