Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№87 газет

02 қараша 2024 ж.

№86 Газет

29 қазан 2024 ж.

№85 газет

25 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Сот актiсiн орындамағаны үшін 20 тәулікке қамалды

Сот актiсiн орындамағаны үшін 20 тәулікке қамалды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы 3-бөлігі бойынша Д.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сырдария аудандық сотымен мінез-құлқына алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды көздейтін ерекше талаптар белгіленсе де, құқық бұзушы Д. масаң күйде болып, сотпен бекітілген ерекше талаптарды бұзып осы іс әрекетін бір жыл ішінде қайталап жасаған.

Оған дейін, құқық бұзушы Д. Сырдария аудандық сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік жазаға тартылған болатын.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы, сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейді.

Сотта құқық бұзушы Д. берген түсінігінде, аталған оқиғаны қуаттайтынын, кешірім сұрап, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Медициналық қорытындыға сәйкес, құқық бұзушы «ауыр» дәрежедегі алкогольдік масаң күйде екені анықталған.

ӘҚБтК-нің 26-бабына сәйкес Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған Д.-нің әрекеті қасақана жасалған әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады.

Құқық бұзушы Д. әкімшілік құқық бұзушылық әрекетін қасақана жасауын ескеріп, оның заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында сот оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танып,
20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы берілді.
Сырдария  аудандық сотының баспасөз қызметі
14 тамыз 2024 ж. 303 0