Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Сырдария ауданы бойынша заңсыз қазылған карьерлер анықталды

Сырдария ауданы бойынша заңсыз қазылған карьерлер анықталды

Сырдария ауданы бойынша заңсыз қазылған карьерлерді анықтау жөніндегі аудандық жұмысшы тобы құрылып, заңға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізгілді.

Нәтижесінде, Сырдария ауданы, Қызылорда-Құмкөл автожолы бойында орналасқан кадастрлық нөмірі 10-153-018-4531 меншік иесі Мұрат Нұрсаитовтың жалпы көлемі – 1000,0 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы «шалғайдағы мал шаруашылығы (маусымдық жайылым) үшін» аудан әкімінің 2019 жылғы 13 мамырдағы №104 қаулысы негізінде уақытша өтеусіз жер пайдалану мерзімі 5 (бес) жылға табысталған жер учаскесінде заңсыз карьер қазу жұмыстарының жүргізіліп жатқандығы анықталды.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарын, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін басшылыққа ала отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мақсаты бойынша пайдаланбай отырған жеке тұлғаның жер учаскесіне қатысты құжаттарын жинақтап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғап, әкімшілік жазалау шарасын қолдану жөнінде ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитеті Қызылорда облысының жер департаментке жолданып, тиісті жұмыстары жүргізілуде.

Сырдария аудандық жер қатынастары бөлімі

23 қараша 2022 ж. 469 0