Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 57 газет

02 тамыз 2025 ж.

№ 56 газет

29 шілде 2025 ж.

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі

Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі

Сырдария ауданының төтенше жағ­дай­­лар бөлімі автокөліктердегі өрт жә­не төтенше жағдайлардың алдын алу мақса­тында төмендегі шараларды қатаң орындауды ұсынады:

– электр тоқ жүйелері және қондыр­ғы­­лары зауыттан шығарылған болуы тиіс;

– қозғалтқышпен астыңғы қорғағыш жа­­нармайдан таза болуын қадағалап, май­дың төгілуіне жол бермеу керек;

– автокөлік (жеңіл автокөлік-ОП-1, «Га­­зель» автокөліктері-ОП-3, автобустар-ОП-5 және алысқа жол жүретін автобустар ОП-5 -2дана) отбасқыштармен қамтамасыз етілсін;

– аккумулятордан электр тоғын ажыра­татын қондырғы (трамблер) ақаусыз жұ­мыс істеуі керек;

– жолаушыларды тасымалдайтын автокөлік жүргізішісі өрт-техникалық минимумнан өтуі­ керек.

Қатаң тыйым салынады:

– қозғалтқышты ашық отпен (паяльная лампа) қыздыруға;

– қолдан жасалған электр қон­дыр­ғыларын пайдалануға;

– жанармай құю станциясында жолаушыларды түсірмей жанармай құюға;

– автокөлік ішінде темекі шегуге;

– автокөлік ішіне жанармайдың бос ыдыс­тарын сақтауға немесе жинауға;

– аккумуляторды автокөлік ішінде за­рядтауға;

– қозғалтқышты бензин немесе дизель маймен жууға;

Есіңізде сақтаңыз!

Автокөлік жүргізушілері! Адам өміріне қауіп төндірмеу үшін өрт қауіпсіздігі ере­желерін сақтайық. Өрт – тілсіз жау екенін ұмытпаңыз!

Сырдария ауданының төтенше жағдай­лар бөлімінде 21-4-94 нөмірлі сенім телефоны жұмыс жасайды.


Сырдария аудандық
төтенше жағдайлар бөлімі
15 қараша 2022 ж. 507 0