Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ПОЛИЦЕЙЛЕР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛДЫ


2018 жылғы 27 қаңтар күні Қызылорда облысы ІІД-нің Жергілікті полиция қызметі Жол-патрульдік полиция ротасының қызметкерлері қызметтік автокөлігімен аумақты барлау кезінде Шымкент-Самара тас жолының Тартоғай елді мекенінің тұсында тұрған «Мерседес-Спринтер» маркалы шағын автокөлікті байқайды. Тексеру кезінде, күннің суығынан автокөліктің жанар-жағар майы қатып қалып, автокөлік оталмай қалғандығын анықталды.
    Автокөліктің ішіндегі 20 жолаушының салқындап қалуынының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері тиісті шаралар қабылдап, Шиелі бағытына жол тартқан автокөліктерді тоқтатып, азаматтарды отырғызып жіберген.
    Ал, ақауы бар автокөлік Шиелі кентінің автокөлік жөндейтін орнына жеткізілді.
    Дәл осындай дерек, «Қызылорда-Арал» трассасында да орын алған.  Байқоңыр қаласына бағыт алған автобус істен шығып, ішіндегі 47 жолаушысымен қоса жол бойында қалып қойған. Аталған автобустағы адамдарға полиция қызметкерлері жедел көмек көрсетіп, адамдар құтқарылған.
    Айта кетерлік жайт, бір күн ішінде полиция қызметкерлері жол бойында қалған 15 автокөлік жүргізушілері мен жолаушыларына көмек көрсетіп, төтенше жағдайлардың алдын алған.
    Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі
30 қаңтар 2018 ж. 1 190 0