Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі
Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі тұрмыстық және тұрғын үй секторларында орын алатын өрттердің және адамның қаза болуын болдырмау мақсатында аудан тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын ескертеді, атап айтқанда:
– Үй ішінде темекі шекпеу;
– Жылыту маусымы кезінде пештің ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі;
– Пештің маңайында оңай жанатын заттарды қалдырмаңыз;
– Пешті жағу үшін тез тұтанатын сұйықтықты қолданбаңыз;
– Толық сөндірілмеген көмірді ағаштан жасалған заттың қасына тастамаңыз;
– Қолдан жасаған электр қорғаныштарын қолдануға тыйым салынады;
– Электрленген сымдарды жөндеуде және үйге электр жүйесін тартуда электр мамандарының көмегіне жүгінген жөн;
– Электрқондырғыларды уақытылы тексерістен өткізіп отырыңыз;
– Балаларды қараусыз қалдырмаңыз және оларды сырттан жауып кетпеңіз;
Пештерді түтін құбырларына қосу үшін:
1. Жылыту пештері мен жүйелерінің түтін құбырлары, мұржалары және басқа элементтері тікелей жылу беру маусымының алдында, сондай-ақ жылу беру маусымы ішінде кемінде үш айда бір рет жылыту пештері үшін; екі айда бір рет – үздіксіз от жағылатын пештер мен ошақтар үшін тазартылады.
Түтін арналары өтетін шатырларда барлық түтін құбырлары мен қабырғалары әктелуі (ағартылады) қажет.
Пайдалану кезінде: түтін шығарғыштар мен пештерді жылыту мерзімі басталар алдында, сондай-ақ барлық жылыту мерзімінде үш айда бір реттен кем емес күлден тазартыңыз.
Егерде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтасаңыздар, адам өліміне әкеліп соқтыратын түрлі өрттердің алдын алуға болатынын ескертеміз.
Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінде 21-4-94 нөмірлі сенім телефоны жұмыс жасайды және орын алған төтенше жағдайда шұғыл түрде өрт сөндіру бөліміне «101», «112» немесе 21-2-00 телефонына хабарласып, жағдайды, мекен-жайын асықпай, толық айтуы тиіс.
Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі