Қысқы кезеңдегі қауіпсіздік шаралары

Атап айтқанда:
– Метеорологиялық мәліметті тыңдап немесе қоршаған ортаны байқап ауа райының өзгеруіне мән беріңіз;
– Өзіңізбен бірге сақтық үшін артық киім алыңыз;
– Таныс емес жерлерді араламаңыз, әрқашан ауа райының бұзылуына, кез келген жағдайда жолды боран басып қалуына дайын болыңыз;
– Суық ауа кезінде, әсіресе қатты жел соққан кезде тұла бойыңыздың тоңуына жол бермей, өзіңіздің жай-күйіңізді үнемі бақылап отырыңыз;
– Қатып қалған аяқ-қолды барлық қолжетімді тәсілдермен жылытуға тырысыңыз – ысқылау, орныңызда тұрып секіру, денені жылыту.
Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері:
– Ауа температурасы құбылмалы болуы кезінде, түн мезгілінде мұз айдынына шығуға тыйым салынады;
– Мұздағы шұңқырларға, жарықтарға және ойықтарға жақындамаңыздар;
– Ата-аналарға, балаларыңызды балық аулауға, мұз үстінде шана немесе шаңғы тебуге қараусыз жібермеңіздер;
– Өткелден тыс мұз үстімен мотоцикл және автокөлікпен өтпеңіздер;
– Мұздың үстімен топтасып жүргенде, бір-біріңізден 5-6 метр алшақ жүруді ескеріңіздер;
– Алкогольді ішімдік тұтыну – мұз үстіндегі қайғылы жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін.
Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімінде 8/72436/ 21-4-94 нөмірлі сенім телефоны жұмыс жасайды.
Сырдария ауданы
төтенше жағдайлар бөлімі
төтенше жағдайлар бөлімі