Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мұз ҮСТІНДЕ МҰҚИЯТ БОЛЫҢЫЗ

Мұз ҮСТІНДЕ МҰҚИЯТ БОЛЫҢЫЗ


Әрбір адам мұз үстінде балық аулау, аңға шығу кезінде төтенше жағдайға тап болуы мүмкін.
Қыс мезгілінде табиғат адамға аяушылық жасамайды. Ол жеңілтектік, білімсіздік, ырықсыздарды қатты жазалайды. «Мұзды аймақта» жарақат алу, адам өлімі, мұз астына түсіп кеткенде, далада қалып қою, ауыру т.б. Мұзда қалу жағдайында әрбір адам өзін құтқаруға дайын болуы тиіс, құтқару ережелерін, аман қалу жолдарын, өзін-өзі құтқару амалдарын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.
Мұздың тығыздығы мен қауіпсіздік шаралары бір адам үшін қыс мезгілінде (-50 градус) мұз қалыңдығы 4-5 см, екі адамға 8 см, 5-7 адамға 12-14 см қауіпсіз болады.
Ең қалың мұздың түсі көкшіл (не жасылдау) ауасыз (көпіршіксіз) болып келеді. Екі есе әлсіз - мұз, сүт түсті (қатты қардан соң) жарылмай-ақ сынады.
Егер сіз қыс уақытында балық аулауға барсаңыз, мына талаптарды САҚТАУЫҢЫЗ КЕРЕК:
Бір-біріне жақын көп шұңқырды жалаушамен белгілеп қойыңыз (түнімен қар үйіліп қалмас үшін);
Балық аулаушының өзімен бірге құтқару заттары болуы керек (12-15 м жіп);
Жалғыз адам балық аулауға болмайды;
Ең қауіпті мұз: көктемгі күн жылына бастағанда, жаңбыр жауғаннан кейінгі мұз ақ түске айналады, кейде сары түске енеді.
Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді: күз бен қыста, боран мен қардан кейінгі мұз үстімен жүруге болмайды. Қатты ағысты өзендердің үстіндегі мұзбен жүргенде абай болу қажет.
Ескертпе: Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде 21-4-94 нөмірлі сенім телефоны жұмыс жасайды.

Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі
26 ақпан 2019 ж. 1 290 0