Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыс айларында сақтық шарасына мұқият болыңыз

Қыс айларында сақтық шарасына мұқият болыңыз

Қыс мезгілі қатты аяз, боран, бұрқасындармен сипатталады. Қар мол жауып, дауылды жел, боран және бұрқасын болып, ауа температурасының күрт төмендеуінің нәтижесінде еліміздің аумағында автомобиль жолдары қар құрсауында қалуда. Қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың басты себептері қысқы балық аулау кезінде мұз үстінде қауіпсіздік шараларын сақтамауы, жұқа мұз үстінде автокөлікпен жүруі және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруы болып табылады.
Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері:
– Метеорологиялық мәліметті тыңдап немесе қоршаған ортаны байқап, ауа-райының өзгеруіне мән беріңіз;
– Өзіңізбен бірге артық киім алыңыз;
– Таныс емес жерлерді араламаңыз, әрқашан ауа-райының бұзылуына, жолды боран басып қалуына дайын болыңыз;
– Суық ауа кезінде, әсіресе қатты жел соққан кезде тұла бойыңыздың тоңуына жол бермей, өзіңіздің жай-күйіңізді үнемі бақылап отырыңыз;
– Қатып қалған аяқ-қолды барлық қолжетімді тәсілдермен жылытуға тырысыңыз – ысқылау, орныңызда тұрып секіру, денені жылыту.
Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері:
– Ауа температурасы құбылмалы болуы кезін­де, түн мезгілінде мұз айдынына шығуға тыйым салынады;
– Мұздағы шұңқырларға, жарықтарға және ойық­тарға жақындамаңыздар;
– Ата-аналарға, балаларыңызды балық аулауға, мұз үстінде шана немесе шаңғы тебуге қараусыз жібермеңіздер;
– Өткелден тыс мұз үстімен мотоцикл және автокөлікпен өтпеңіздер;
– Мұздың үстімен топтасып жүргенде, бір-біріңізден 5-6 метр алшақ жүруді ескеріңіздер;
– Алкогольді ішімдік тұтыну – мұз үстіндегі қайғылы жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін.

Сырдария ауданының
Төтенше жағдайлар бөлімі
07 желтоқсан 2019 ж. 1 727 0