Пробация қызметі: Әлеуметтік жоба бойынша іс-шаралар атқарылды
«Сырдария- Нұрдария» қоғамдық қоры аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің 2022 жылы жариялаған «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатындар және босатылғандарға, сонымен қатар пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға арналған қызметті ұйымдастыру» жобасымен жұмыс жасады.
Жобаның мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың қоғамға деген көзқарасын қалыптастыру, қайта қылмыс жасаудың алдын алу, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шара жоспарына сәйкес «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры 2 рет семинар-тренинг, 2 рет кеңес беру жұмыстарын, 2 рет спорттық іс-шара, 2 рет мәдени іс-шара ұйымдастырып, 2 рет сауалнама жүргізді. «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, 10 балаға оқу құралдары және 1 рет қайырымдылық іс-шарасы өткізіліп, 25 отбасыға азық-түлік берілді. Аудандық «Тіршілік тынысы» газетіне 1 мақала жарияланды. Әлеуметтік желіде «Сырдария-Нұрдария» парақшасы ашылып, қордың атқарылған жұмыстар туралы ақпарат жарияланып отырды.
Қоғамдық қор тарапынан ұйымдастырылған іс-шараларға аудан бойынша пробация қызметінде есепте тұрған 42 азамат қамтылды.
Семинар-кеңестерге арнайы сала мамандары, заңгерлер шақырылды. Мамандар әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыптастыру және қайта қылмыстар жасамаудың алдын алу бағытында құқықтық түсіндірме жасап, құжаттамалар алу және мүліктік құқықтарды қалпына келтіру жөніндегі сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, кәсіп жасаудың барлық алғышарттарын түсіндірді.
М.Омаров,
«Сырдария-Нұрдария»
қоғамдық қорының төрағасы
«Сырдария-Нұрдария»
қоғамдық қорының төрағасы