Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Пробация қызметі: Азаматтарды әлеуметтік бейімдеу

Пробация қызметі: Азаматтарды әлеуметтік бейімдеу

«Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры аудандық жұмыс­пен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің 2022 жылы жариялаған «Бас бос­тандығынан айыру орындарынан босатылатындар және бо­сатылғандарға, сонымен қатар пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға арналған қызметті ұйымдастыру» жо­басымен жұмыс жасауда.

Әлеуметтік жобаның негізгі мақсаты бас бостандығы­нан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызме­тінде есепте тұрған адамдарды қайта әлеуметтендіру, сон­дай-ақ қайта қылмыс жасау деңгейін төмендетуге ықпал ететін тиімді жағдайларды жасау, азаматтарды кәсіп кө­зін ашуға бейімдеу, осы арқылы олардың әл-ауқатын артты­руға жәрдемдесу болып табылады.

2022 жылдың 1 шілдесіне 2 семинар-кеңес, 1 спорттық шара, 1 мәдени шара ұйымдастырылып, 1 рет сауалнама жүргізілді. Қоғамдық қор тарапынан ұйымдастырылған іс-шараларға аудан бойынша пробация қызметінде есепте тұрған 44 азамат қамтылды.

Семинар-кеңестерге арнайы сала мамандары шақырыл­ды. Мамандар әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалып­тастыру және қайта қылмыстардың алдын алу бағытында құқықтық түсіндірме жасап, құжаттамалар алу және мүлік­тік құқықтарды қалпына келтіру жөніндегі сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ кәсіп жасаудың барлық алғышарттарын түсіндірді.

Қоғамдық қор пробация қызметінде есепте тұрған аза­мат­тарды алдағы уақытта да жан-жақты қолдау іс-шара­ларын жал­ғастырады.





Марат Омаров,
«Сырдария-Нұрдария»
қоғамдық қорының төрағасы
09 шілде 2022 ж. 412 0