Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№77 газет

10 қазан 2026 ж.

№76 газет

06 қазан 2026 ж.

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Шаған ауылында егістік басында комбайн өртеніп кетті

Шаған ауылында егістік басында комбайн өртеніп кетті

Қызылорда облысында егістік басында комбайн өртеніп кетті, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Оқиға 12 қазанда сағат 10:50 шамасында болған. Сол уақытта төтенше жағдайлар қызметіне Сырдария ауданына қарасты Шаған ауылындағы егістік басында комбайн өртеніп жатқаны жөнінде хабарлама келіп түсті.

«Оқиға орнына Сырдария ауданындағы №12 өрт сөндіру бөлімшесінен 5 қызметкер 1 техникамен шықты. Екі аралық шамаман 18 шақырымды құрайды. Егістік басында 2008 жылы шыққан күріш жинайтын комбайн жанып жатқаны белгілі болды. Өрт 11.53-те оқшауландырлып, 11.55-те толығымен сөндірілді», – деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
13 қазан 2022 ж. 442 0