Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада тілсіз жаудан екі бала құтқарылды

Қызылордада тілсіз жаудан екі бала құтқарылды

Ағымдағы жылғы 20 наурыз күні 15 сағат 30 минутта «112» – Құтқару қызметіне Қызылорда қаласы №500 квартал, №8 участок, тұрғын үй жанып жатқаны жөнінде хабар түседі, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 
Аталған тұрғын үйде газ баллоны жарылып, баспананы қызыл жалын шарпиды. Сол уақытта оқиға орнына жақын жерде болған Қызылорда қаласы ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Ғалым Хамза төтенше жағдай аумағынан 2 баланы аман алып шықты.
«Шақырту түскен сәттен соң жедел жеткен №5 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тұрғын үй ауласында көлемі 15х5м қураған шөп жанып, 4х5м сарайы және ішінде 200 дана «ДВП», тұрмыстық заттары, 19 дана бөренесі, «Ваз 2106» маркалы жеңіл автокөлігінің алдыңғы бөлігіне көшіп жанып жатқандығы анықталды. Оқиға орнындағы өрт сөндірушілердің біріккен іс-әрекеттерінің арқасында тілсіз жау ошағынан тағы бір дана сыйымдылығы 27 л. газ баллоны шығарылды», – деп мәлімдеді Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі.
Өрт 15 сағат 50 минутта оқшауланып, 15 сағат 57 минутта толықтай жойылған. Қазіргі таңда жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығу себептері мен салдары анықталу үстінде.
27 наурыз 2020 ж. 764 0