Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Өрт салдарынан 16 қой мен 2 жылқы жанып кетті

Өрт салдарынан 16 қой мен 2 жылқы жанып кетті

Қызылорда облысында мал қораның өртенуі салдарынан 16 қой мен 2 жылқы жанып кетті.

Оқиға бүгін, 10 қыркүйекте Жаңақорған кентіндегі А.Асанов көшесі бойындағы тұрғын үйдің мал қорасында болған. Бұл жөнінде хабарлама сағат 2.18-де төтенше жағдайлар қызметіне түскен.

«Хабарлама бойынша №14 өрт сөндіру бөлімінен 1 техника мен 4 қызметкер оқиға орнына барды. Анықталғаны, аумағы 10/20 шаршы метрді құрайтын мал қораның төбе жабыны толық жанған. Оған қоса ашық алаңда жиналған 100 пресс шөп отқа оранған. Мал қора ішінен 2 жылқы мен 16 қойдың жанып кеткен күйінде табылған», – деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Ведомство мәліметінше, өрт 3.15е толықтай сөндірілді.
11 қыркүйек 2022 ж. 522 0