Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Пеш жағу кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Пеш жағу кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Жылыту маусымы – өрттердің туындау себептері әдеттегіге қарағанда анағұрлым көп болатын кезең. Пештер, қолдан жасалған жылыту электр аспаптары, жертөлелерде, нақты тұрғылықты орны жоқ адамдардың жиналу орындарында, басқа да орындарда от жағу себеп болады.

Пештер бұл тек жылу көзі ғана емес, сондай-ақ өрттің туу мүмкіндігі екенін де есте сақтау керек. Көбінде пештерді қараусыз қалдырғанда қауіп көп төнеді. Пәтер жалдаушылар мен үй иелерінің сақтық шаралары туралы ұмытып кетуі қауіпті. Біріншіден, жанудың себебі пештерді орнату қағидасын бұзудан болуы мүмкін. Бұл түтін құбырларының өту орындарын жеткіліксіз бөлу, пеш және қабырға арасында бос орындардың аз болуы. Бұған қосымша пеш алдында отқа төзімді темір табанның болмауын жатқызуға болады. Осының салдарынан түскен көмірден еден тұтанады.

Тағы бір зардап – бұл пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидасын бұзу. Кейде жылыту аспаптары толық жарамды болған кезде де қиын жағдайлар туындайды. Пешті бензин, керосин немесе басқа да тез тұтанатын сұйықтармен жағу кезінде және ұзындығы пештің өлшемінен асатын ағаш отынды пайдаланғанда, сондай-ақ пешті шамадан тыс қыздыру жиі қателіктерге ұрындырады. Пештің үстіңгі жағы жылу екпінінен аса тиісті температураға дейін қызады. От жағу аяқталғаннан кейін, біраз уақыт өткен соң кірпіштің сыртқы және ішкі беттерінде температура бірдей бола бастайды. Бұл пештің шамадан тыс қызуына әкеп соғады. Осыны болдырмау үшін, жанатын отынның көлемін қатаң қадағалау қажет. Көп уақыт жанбаған суық пешті жұмыс температурасына баяу жағып келтіру қажет. Ол үшін отынды жағар алдында аз салу керек. Сондай-ақ осы тақырыпты айта отырып, пеш жағатын үй тұрғындарының басқа қауіптерін айта кеткен жөн. Сөз барлық материалдардың (көп жағдайда синтетикалық, пластикалық, лак, маталардың кейбір түрлері) іс жүзінде жануынан бөлетін улы газ туралы болып отыр. Түсі мен иісі болмайтын осы қоспалар ауада шоғырлануына байланыс­ты адамдардың әр түрлі ауыр дәрежеде улануы­­­на әкеп соғады. Қызыл сөзден гөрі факті көрсеткендей, улы газбен улану себебінің 49%-ы өрт кезіңде адамдардың қаза табуы болып табылады. Улы газдың түсі, дәмі және иісі болмағанымен уландырғыш болып табылады және тітіркендірмейді, оны адамның табуы өте қиын. Толық жанып бітпеген көмір, көмір- қышқыл газымен өзара әрекеттесіп, улы газ пайда болады.

Өрт шыққан жағдайда, ең алдымен 101 номерін теріп, азаматтық қорғау қызметін шақырыңыз. Өз мекен-жайыңызды дұрыс жеткізіп, өртеніп жатқан жерді сипаттап беріңіз. Өрт сөндірушілер келгенше, өрт көзін жабуға әрекет жасаңыз. Өрт өршіп кетсе және Сіздің оны оқшаулауға шамаңыз келмесе электр ажыратқышты өшіріңіз. Егер мүмкін болса, өрттің өршуін көп еселейтін газ баллонды сыртқа шығарып, есіктерді жауып, өртеніп жатқан жерден қауіпсіз аймаққа шығыңыз.

Ескертпе: Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің 21-4-94 нөмер­лі сенім телефоны жұмыс жасайды.

Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі
27 қыркүйек 2022 ж. 662 0