Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі

Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі тұрмыстық және тұрғын секторларында орын алатын өрттердің және адамның қаза болуын болдырмау мақсатында аудан тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын ескертеді, атап айтқанда:
– Үй ішінде темекі шекпеу;
– Жылыту маусымы кезінде пештің ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
– Пештің маңайында оңай жанатын заттарды қалдырмау;
– Пешті жағу үшін тез тұтанатын сұйықтықты қолданбау;
– Толық сөндірілмеген көмірді ағаштан жасалған заттың қасына тастамау;
– Қолдан жасаған электр қорғаныштарын қолдануға тыйым салу;
– Электрленген сымдарды жөндеуде және үйге электр жүйесін тартуда электр мамандарының көмегіне жүгіну;
– Электрқондырғыларды уақытылы тексерістен өткізіп отыру;
– Балаларды қараусыз қалдырмау және оларды сырттан жауып кетпеу қажет.
Пештерді түтін құбырларына қосу үшін:
1) Түтін шығарғыштың жоғары жағынан жанғыш материалдардан жасалған төбеге дейінгі ара қашықтығы, төбе жанудан қорғалмаған жағдайда 0,5 м кем болмауы және қорғалған жағдайда 0,4 м кем емес болуы қажет;
2) Түтін шығарғыштың төменгі жағынан жанғыш немесе қиын жанатын материалдардан жасалған еденге дейінгі ара қашықтық 0,15 м кем емес болуы қажет жағдайда ұзындығы 0,4 м аспайтын түтін шығарғыштарды қарастыруға жол беріледі. Түтін шығарғыштарды отқа төзімділік шегін 0,75 м және одан артық қамтамасыз етіп, жанбайтын материалдардан жасау қажет.
Шатырларды түтін каналдары өтетін барлық түтін құбырлары мен қабырғаларын (әктеу) ағарту қажет. Пайдалану кезінде: түтін шығарғыштар мен пештерді жылыту мерзімі басталар алдында, сондай-ақ барлық жылыту мерзімінде үш айда бір реттен кем емес күлден тазартыңыз.
Егерде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтасаңыздар, адам өліміне әкеліп соқтыратын түрлі өрттің алдын алуға болатынын ескертеміз.
Өрт шыққанда немесе төтенше жағдай болғанда шұғыл түрде өрт сөндіру бөліміне «101», «112» немесе 21-2-00 телефонына хабарласып, жағдайды, мекен-жайын асықпай, толық айтуы тиіс.
 
Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі
 
 
 
15 ақпан 2020 ж. 954 0