Еліміздің Конституциясын терең түсіндіру, өз өмір сүріп отырған қоғам идеясын ұғындыру мен өз іс - әрекетіне моральдық, құқықтық тұрғыда жауап бере алатындай қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, тәртіптілікті нығайтудың жолдарын жетілдіру - тәрбие беру жұмыстарындағы негізгі міндет....
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетінің байланысы берік. Олай деуімізге себеп көп. Осыдан 1 жыл бұрын іргелі оқу орындары білім саласын дамыту жөніндегі ынтымақтастық орнатып, келісім жасады. ...
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жатақхана мәселесі толық шешімін тапты. Бүгінде онда 1 460 орындық 7 жатақхана жұмыс істейді. Ал, жаңа оқу жылында қолданысқа берілген 300 орындық “Іңкәр” жатақханасына қазіргі таңда 180 студент орналасып үлгерген. Заманауи үлгіге сай салынған жатақханада қосымша...
Елімізде Халықаралық Мультииндикаторлық кластерлік зерттеуі басталды. Бұл зерттеу балалар мен әйелдердің ахуалын бағалау үшін пайдаланылатын негізгі көрсеткіштерді жинау мақсатында өткізіледі. Қазақстанның 20 өңірін қамтитын сауалнама 29 қарашаға дейін жүргізілмек. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар...
«Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» демекші бала күнінен әнші болуды армандаған Гүлжанат Сырғабаева бүгінде мәдениет саласында қалтқысыз еңбек етіп келеді. Ауыл мәдениетінің көшін алға оздырып жүрген білікті маман Қалжан ахун ауылдық клубына сүйемелдеуші болып орналасып, өзінің еңбекқорлығының арқасында қазіргі...
Батылдық пен жүректілікті талап ететін ең қауіпті мамандық иелері – өрт сөндірушілер. Батылдықты жанына ту еткен мамандардың арқасында қаншама адам оқыс оқиғалардан, тілсіз жау мен қиын жағдайлардан аман қалды. Оранған отқа, қарғын суға түсіп, адам өміріне араша болатын жауапты маман иелері үнемі өмір мен...
Қай кезде де өзгеге көмек көрсете білу – адамдық қасиеттің ең ізгісі. Ауырған жанның дертіне шипа бола білетін дәрігермен қатар сіз де өз септігіңізді тигізе аласыз. Мәселен, донор болу арқылы сіз өзге адамға өмір сыйлай аласыз. Осы орайда жақында ауданымызда «Донор бол – өмір сыйла» акциясы ұйымдастырылды....
5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні мерекесінде ауданда тіл мәртебесін арттыруға үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды. Олардың қатарында «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі, әріптесіміз Алтынай Қайратқызы бар. Аудан әкімінің Алғысын және бағалы сыйлығын аудан әкімінің орынбасары Талғат...
Жыл бойына мектеп мұғалімдері мен оқушылары аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен байқауларға, облыстық және республикалық деңгейдегі түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Кәсіби байқауларда Әділбек Әлиев, Қайрат Есекеев, Ақмарал Әбжаппарова, Айзат Жалғасбекова, Әйгерім...