Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлықпен күресу әр мемлекеттің ең өзекті мәселесіне айналған. «Іштен шыққан жау жаман» дейді халық даналығында. Сыбайлас жемқорлық та мемлекетті ішінен жойып, заман ағынымен бірге өсіп-өркендейді. Қандай да болсын бір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, мол қаражат қайда болса, сол жерден тереңге тамыр жаяды. Бұл – тұтас бір мемлекеттің жетістіктерін жоққа шығаратын, бүгінгі күнге дейін жойылмай келе жатқан індеттің бірі.

Кез келген өркениетті мемлекетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл толастаған емес. Өйткені, қоғам дамыған сайын бұл дерттің дендеп бара жатқаны кімді де болса алаңдатпай қоймайды. Күн тәртібінен түспей отырған мәселенің оң шешімін табуда барлығымыз біріксек, қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастырсақ, істің нәтижесін көруге толық мүмкіндік бар деп ойлаймын.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Өмірбек ТоҚпамбетов,
Жетікөл ауылдық округінің әкімі
Фото: Ашық дереккөзден
25 қыркүйек 2024 ж. 273 0