Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ГАЗЕТ ТАРАТУҒА КЕДЕРГІ КЕЛТІРМЕС ҮШІН...

ГАЗЕТ ТАРАТУҒА КЕДЕРГІ КЕЛТІРМЕС ҮШІН...


2014 жылдан бастап аймақтағы басылымдар «Сыр медиа» ЖШС-не топтастырылып, сол жерден басылып шығатын болды. Оның ішінде, аудандық газеттер де серіктестік баспаханасында басылып, тұрғындарға тарауда. Облыстық және аудандық баспасөз құралдары бір орталықтандырылғаннан соң басылым сапасы жақсарды. Ақпараттық-танымдық, көркемдік жағы түрленіп, газеттер облыс жұртшылығының іздеп жүріп оқитын басылымына айналды. Жыл өткен сайын таралым саны артып, оқырманнан сұраныс түскеннен кейін серіктестік газетті уақытында жеткізудің жолдарын да қарастырды. Редакцияларда тарату бөлімдері ашылып, баспасөз құралы басылып шыққан күні қолға тиетін болған. Әр ауылда, аудан орталығында жұмысқа таратушылар алынып, бүгінде аптаның сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері оқырман рес­публика, облыс, аудан тынысымен танысып, жаңалықтарды оқып отыр. Аталмыш күндері газет келмей қалғанда, редакцияға қоңырау шалып, газеттің келгенін-келмегенін біліп отырады. Мұның өзі оқырманның баспасөз құралын іздеп отыратындығының белгісі. Осы тұста, оқырман назарына салар жәйттерді айтқан жөн.
Газет тарату жұмысы оңай емес екені белгілі. Күні бойы өзіне белгіленген көшелерді аралап, үйді-үйге басылымды жеткізудің өзі шыдамдылықты қажет ететін жұмыс. Оның үстіне, әр үйден үріп иттер шығатынын ескерсек, бұл жұмыстың қауіптілігі жоғары екені айтпаса да түсінікті. Осы орайда, кейбір үйлердегі газет жәшіктерінің жоқтығы таратушылар жұмысына кері әсерін тигізуде. Жаңбырлы күні газет ылғал болса, желді күні ұшып кетіп жатады. Содан оқырман «газет келмеді» деп редакцияға қоңырау шалады. Ал таратушылар «уақытында жеткіздік» дейді. Сөйтіп, баспасөзге арнаулы жәшіктің болмағанынан түсінбеушілік туындап жатады. Сондықтан әрбір тұрғын көше бетке газет жәшігін орнатып қойса игі дейміз. Жәшік орнатылса, түсінбеушілік те туындамас еді. Оған қоса, оқырман газетті таза күйінде оқиды, таратушыларға да ыңғайлы болатыны анық. Әйтпесе, газет таратушы әр үйге жеткізуде көп уақыт жоғалтса, басылымды тез, уақытылы таратуға кедергі болары сөзсіз.
Сондай-ақ, кейбір тұрғындар тұрғылықты мекен-жайын ауыстырғанда оны редакцияның тарату бөліміне ескерткені де абзал. Өйткені, газет таратушылары оқырман жазылғандағы мекен-жайға үнемі апарып жүреді де, кейіннен тұрғындар тұрғылықты жері ауысып кеткенін, газеттер келмей жатқанын айтып, жұмысты жоққа шығарады. Оқырман сұранысын қамтамасыз ету үшін тексеріп қарағанда, мекен-жайын ауыстырып, оны ескертпегені анықталып жатады. Сол себепті, мұны да тұрғындар назарда ұстағаны жөн.
Жалпы, шетелде газет-журналға арналған жәшік жаяу жүргіншілерге арналған жолға жақын орналасады. Бұл таратушылар жұмысын жеңілдетеді және қауіпсіздік үшін жақсы. Яғни, газет таратушы тарап пен оқырман тарапынан екі жақты жауапкершілік мәдениеті қалыптасқан. Біз де сондай жауапкершіліктің болғанын қалаймыз. Өйткені, бұл екі тарапқа да қолайлы екені анық. Сондықтан газет таратуға кедергі келтірмес үшін арнайы жәшік орнатып қою қажет.

Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ
27 тамыз 2018 ж. 5 253 273

KalebCabyBalk от 29 желтоқсан 2023 14:21

CarterCabyBalk от 1 қаңтар 2024 08:21

CristianCabyBalk от 6 қаңтар 2024 13:37

VictorCabyBalk от 8 қаңтар 2024 11:25

NathanielCabyBalk от 10 қаңтар 2024 05:26

AsherCabyBalk от 14 қаңтар 2024 05:32

ClaytonCabyBalk от 15 қаңтар 2024 21:21

RomeoCabyBalk от 17 қаңтар 2024 21:50

MatiasCabyBalk от 19 қаңтар 2024 13:47

CalebCabyBalk от 21 қаңтар 2024 02:46

FabianCabyBalk от 22 қаңтар 2024 20:38

PhoenixCabyBalk от 26 қаңтар 2024 10:29

GreysonCabyBalk от 26 қаңтар 2024 16:43

GeorgeCabyBalk от 28 қаңтар 2024 17:55

NathanielCabyBalk от 31 қаңтар 2024 13:13

ConnorCabyBalk от 2 ақпан 2024 22:57

WinstonCabyBalk от 5 ақпан 2024 11:00

LandonCabyBalk от 5 ақпан 2024 19:16

KyrieCabyBalk от 7 ақпан 2024 15:19

BeauCabyBalk от 11 ақпан 2024 09:58

JavierCabyBalk от 14 ақпан 2024 13:49

AndrewCabyBalk от 17 ақпан 2024 11:20

EstebanCabyBalk от 19 ақпан 2024 16:07

RobertCabyBalk от 22 ақпан 2024 01:00

NicolasCabyBalk от 24 ақпан 2024 02:16

MaverickCabyBalk от 24 ақпан 2024 13:33

EverettCabyBalk от 26 ақпан 2024 12:50

DawsonCabyBalk от 1 наурыз 2024 21:53

JosephCabyBalk от 2 наурыз 2024 05:39