Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ДӘСТҮР ТАҒЫЛЫМЫ

ДӘСТҮР ТАҒЫЛЫМЫ


Биыл жыл басы әз-Наурыз мерекесін облыс орталығы тұрғындары апта бойы атап өтуде. Осыған орай «Сыр медиа» ЖШС серіктестігінде облыстық «Сыр бойы» газеті ұжымының ұйытқы болуымен шағын көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге қолданбалы өнер туындылары қойылды. Оны тамашалаушылар қатары мол. Бүгін таңертеңнен қарашаңыраққа келген қызметкерлер де, редакция қонақтары мен ардагерлеріміз де көрме бұрышына аялдап, қолөнер бұйымдарына қызығушылық танытуда, – дейді облыстық газеттің жауапты хатшысы Әзиз Батырбеков.
Айта кетейік, шағын көрмені ұйымдастыруға серіктестікке қарасты барлық басылым қызметкерлері, әсіресе, «Сыр бойы» газеті журналистері атсалысыпты. Бұған қоса, әріптестеріміз өз бастамасымен дастархан жайып, баршамызды наурыз-көжеден ауыз тиге шақырды. Ал серіктестік айтулы мерекені дәстүр бойынша 21 наурыз күні кең көлемде атап өтеді. Оған баспасөз саласының ардагерлері шақырылып отыр. Қонақтар назарына ұлттық ойындар мен концерттік бағдарлама ұсынылады. Әрине, наурыз-көже  мерекелік дастарханның басты тағамы.

«Қызылорда ньюс».
21 наурыз 2018 ж. 1 432 0