Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «БАЛАПАНМЕН» – БОЛАШАҚҚА

«БАЛАПАНМЕН» – БОЛАШАҚҚА



Мемлекет Басшысының сарабдал саясатының арқасында өміршең болған игі бастамалардың бірі мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы бүгінде елімізде, оның ішінде Сырдария өңірі тұрғындары үшін өте маңызды да тиімді, сонымен қатар өңір сәбилерінің болашағына үлкен қамқорлық болуда.
Қазіргі уақытта аудан бойынша мемлекеттік 17 балабақша, 4 жеке балабақша, сонымен қатар толық күнде жұмыс жасайтын 6 шағын орталықтар жұмыс атқаруда. 1-6 жас аралығында балалар кезегінде 722 бала тұр.
Осы ретте, сәбилерді мектепке дейінгі балалар ұйымына, яғни балабақшаларға орналастыру мақсатында оларды кезекке қою үшін 2015 жылдың 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің №172 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітіліп, олар бүгінде тиісті органдар арқылы жүзеге асырылуда. Аудан орталығыдағы Халыққа қызмет көрсету орталығы және «Электронды үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz. арқылы жүргізілуде.
Балабақшаларға тіркеу және кезекке қою және жолдама беру жұмыстары бойынша атқарылатын мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне келер болсақ, әрбір Қазақстан азаматы өз баласын балабақшаға тіркету үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға немесе электронды негізде жүгіне алады. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Сонымен қатар, бұл қызметтер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі.
Тағы бір айта кетерлік жайт, мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі. Және де ол ХҚКО Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі–сенбі аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, үзіліссіз жұмыс атқарады. Сонымен бірге көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы электронды кезекті «брондауға» болады.
Ендігі кезекте, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы, не сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілі, жоғарыда аталған мекеме бойынша көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, сәйкестендіру үшін баланың туу туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат (түпнұсқа және көшірме), сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының, яғни ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің жеке басын куәландыратын құжатын тапсырады. Техникалық мүмкіндік болған жағдайда жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электронды цифрлық қолтаңба қойылған электронды құжаттар нысанында алады.
Ал, балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға тіркеу үшін тұрғындар Халыққа қызмет көрсету орталығына біріншіден көрсетілетін қызметті алушының заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжат(сәйкестендіру үшін), сонымен бірге мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат тапсырулары қажет. ХҚКО-ға өтініш берген кезде жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат туралы мәліметтерді ХҚКО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті адамның электронды цифрлық қолтаңбасы қойылған электронды құжаттар нысанында алады.
Сонымен бірге, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыда ЭЦҚ болған жағдайда Портал арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерін: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызмет» бөлімінен, мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығындағы мына байланыстар арқылы, яғни 8-800-080-7777 және 1414 алуға болады..

Аудандық білім бөлімі

25 қараша 2017 ж. 2 409 34

Sara от 6 желтоқсан 2021 00:51
This is a very good tip especially to those new to the blogosphere. Simple but very accurate information… Many thanks for sharing this one. A must read article! https://comprarcialis5mg.org/it/comprare-spedra-avanafil-senza-ricetta-online/ https://sewingprofessionals.com/Blog/8379692/Reply?replyTo=8379692 spedra 100 mg acquisto on line

Loreen от 9 желтоқсан 2021 08:27
We get asked a common question: Why should we try Bitcoin Up Bitcoin up Überprüfung when there are many other market platforms? Well, the success rate of our members stands as a testimony to our trading platform. At Bitcoin Up, we are continually improving our platform, and we are trying to be better with every next day. Here are some of our advantages: http://www.curry.it/2012/10/dont-throw-out-the-waffle-iron/ Bitcoin up Überprüfung

Jackson от 17 желтоқсан 2021 18:28
Hi there to all, how is everything, I think every one is getting more from this website, and your views are fastidious for new viewers. https://comprarcialis5mg.org/it/comprare-spedra-avanafil-senza-ricetta-online/ http://takataka-ob.com/keijiban/83patio/patio.cgi?read=2230 prezzo spedra 200 mg

Dotty от 22 желтоқсан 2021 13:24
I'm gone to tell my little brother, that he should also pay a visit this website on regular basis to get updated from newest gossip. https://sigareti.info/belorusskie-sigarety http://forum.matrox.com/rtx100/posting.php?mode=quote&p=399594