Жолдау – тұрақтылық пен өркендеу жоспары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы бес бағытты қамтиды. Бұл бағыттардың барлығы да қолдың бес саусағындай жұмылғанда жұдырық болып, экономикалық және әлеуметтік мәселелердегі қиыншылықтарды еңсереді деген сенімдемін. Әрине, Жолдауда айтылғандай жоспарды орындаушылардың тиімді жұмыс атқаруы маңызды. Жоспарлау, оны орындау, одан әрі оның орындалуын бақылау үдерістері жүйесі іркіліссіз жұмыс жасауы қажет. Сондықтан да Мемлекет басшысы ең әуелгі сөзін «Заман талабына сай тиімді мемлекет» тақырыбымен бастаған. Жолдауда: «Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес. Бұл – біздің ұстанатын басты қағидатымыз,» - деген. Ендігі бағыт «бірінші –экономика, содан соң – саясат» бағытынан «әуелі – саясат, содан кейін экономика» бағытына бұрылғандығын аңғарамыз. Шындығында, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуші құралы – саясат. Дұрыс саясат: дұрыс басқару, ұйымдастыру, бақылау жұмыстары жүргізілсе, жұмыстың тиімділігі артатныы қарапайым тұрмыста да көріп жүрген жағдай.
Жолдаудағы көп үміт күттіретіні - «Ауыл – Ел Бесігі» арнайы жобасының жүзеге асырылуы. Жоба аясында біздің аудан үшін газбен қамтамасыз ету, көлік жолдары мәселелері шешімін табады деген үміттемін. Осы жоба аясында мектеп, аурухана, спорт алаңдары салынатындығы да маңызды. Міне, осы мәселелер қозғау болады, шешімі табылар деген үмітіміз де бар.
Жолдауды оқи отырып, болашақ өмірге деген құлшыныс, жаңа көзқарастар, серпін берер жақсы бастамалар қолға алынады деген ой түйдім.
Мұстафа Мамытов,
№126 орта мектебі
директорының орынбасары