АУЫЛ ПЕДАГОГТАРЫНА ҚОЛДАУ КӨП

Жолдауда айтылған негізгі мәселе – ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы жиі кездеседі. Сондықтанда мұғалімдердің әлеуетін көтере отырып, заман талабына сай бейімдеу алдынғы орында. Негізінен жас мамандарды ауылға тарту мақсатында «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейту құптарлық жағдай. Ауылдан түлеп ұшқан әрбір жас маманға қолдау көрсету қажет. Әрбір дарынды ауыл жастарына серпін беріп, отандық және шетелдік жоғарғы орындарына дайындау келешек ауыл мектептерінің дамуына серпін береді. Озық технологияларды игеру арқылы ауыл мектептеріндегі мұғалімдердің білімі жетіле түседі.
Анар Ізбасарова,
№35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейнің
бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы