ҚЫРЫҚ ЖЫЛҒА ЖУЫҚ УАҚЫТТА СӨГІС АЛМАҒАН КІМ?

Құрметті демалыста жүрсек те қырық жылға жуық уақыт еңбек еткен ұжымның тыныс-тіршілігінен хабардар болып, жетістіктеріне марқайып отырамыз. Еліміз егемендік алғаннан кейін Салық комитеті кұрылды. Соңғы бес жылда ұжым ҚР Мемлекеттік кірістер комитетіне қарады. Биылғы 14 тамызда мекеменің Мемлекеттік кірістер басқармасы аталғанына 5 жыл толады. Бұл да бір жарқын белес. Аудандық басқарма облыста алдыңғы қатарда. Ұжымды талай мықты кадрлар басқарып, облысқа қызметтері өсіп кетті. Қазірде басшылыққа келіп жатқан жастарға табыс тілеймін. Ұжымда қалыптасқан жұмыс ырғағы толастамақ емес.
Әкима ДОСЫҒҰЛОВА
қаржы саласының ардагері