ҮМІТ СЫЙЛАҒАН ҮЙЛЕР
Өткен бейсенбіде тірек ауыл саналатын Ақжармаға ат басын тіредік. Атына заты сай ауылдан оң өзгерістер байқалады. Осында орналасқан екі бірдей шаруашылықтың елді мекенді дамытуға білек сыбана кіріскені көрініп тұр.
Іскер азамат Қайрат Нұрсейітов басқаратын «Ақжарма және К» фермер қожалығының ауылға жасап жатырған игі істерін айтсақ, ұжым мүшелерінің мерейі өспек. Ауылдың кіреберісінде орналасқан қожалықтың әкімшілік үйі мен өндіріс орыны үлкен бір аумақты алып жатыр. Күннен-күнге қанатын кеңге жайған өндіріс орнында тәулігіне 60 тонна күріш ақтайтын зауыт, наубайхана, түрлі сыйымдылықтағы қоймалармен қатар қосымша құрылыстар салынып, жаңа екі қабатты ғимаратқа электронды таразы қойылыпты. Бұл озат қожалықтың өндірген өнімдері осы таразыда өлшеніп, шет елге экспортталатын көрінеді.
«Ақжарма және К» ФҚ басшысы өз жұмысшылары мен қызметкерлеріне жалақының уақытылы берілуін қамтамасыз етумен қатар, тұрмыстық жағдайларын жасауға да көмек қолын созып келеді. Биыл ауылдан жас мамандар мен көп балалы отбасыға арналған тұрғын үйлердің іргетасы құйылды. Жақында үйдің қабырғасын кірпішпен қалау жұмыстары басталады.
Сонымен қатар аулаларының сыртқы келбеті ауылдың сәнін бұзып тұрған үйлердің қожайындарына қаңылтыр материалдан көмек берілуде. Іскер басшы Қайрат Болатұлы ауылдың орталығынан зәулім, еңселі Алла үйі мешіттің тұрғызылуына ұйытқы болып, ауылдан шыққан белгілі кәсіпкерлер мен жергілікті тұрғындарды осы маңызды іске ұйыстырып отыр. Жаңа мешіт заманауи үлгіде салынған.
Сондай-ақ бұрынғы екі қабатты аурухана орналасқан ғимаратты жөндеуден өткізіп, төбесін шатырлап, болашақта кәсіпкерлік нысан ашамын деушілерге бермек. Оның жанынан 500 орындық тойхана ашуды да жоспарлап отыр.
«Үйің болмай, күйің болмайды» дейді халық даналығы. Тірек ауылында бір жазда үш үйдің салынып жатқаны жақсы бастама. Бұл өзгелерге үлгі болсын дейміз.

Шаһарбек НҰРСЕЙІТОВ