Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуеті артқан Ақжарма

Әлеуеті артқан Ақжарма


Әсілінде, әр ауылдың тұрақтылығын сақтап, демеу көрсету үшін шаруасы шираған жанашыр азаматтардың болғаны абзал. Жоғарыда айтқан елді мекендерде елдің іргесі сөгілмеуі үшін шаруашылық төрағалары мен инвесторлар жұмысты жандандыруда. Ал тіректі елді мекен қатарындағы Ақжарма тұрғындарының бағына орай ауылда қос жанашыр азамат бар. Бірі – Марат Бисенов, енді бірі – Қайрат Нұрсейітов. Ауылдағы қос шаруашылықтың төрағасы елді жұмыспен қамтып қоймай, халық жағдайына қарасып, жан-жақты жұмысты жандандырып келеді. Бірі «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автожолы бойынан сервистік кешен, ауыл ішінен кафе ашып қойса, бірі ауылдық пошта ғимаратын жаңартып, қоғамдық монша салды, ақжармалықтармен бірігіп ауыл мешітінің бой көтеруіне атсалысуда. Ал өткен жылы ауылда спорттық сауықтыру кешені мен мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Соңғы 3-4 жылдың ішінде тіректі ауылға 1,5 млрд. теңгеден аса қаржы құйылып, ауқымды жұмыстар жасалды. Бүгінде ауылдың әлеуеті артып, халық жағдайы жақсарған.
Е.БЕРКІНБАЕВ
19 қаңтар 2019 ж. 886 0