Жүргім келеді...
Біздің халықтық болмысымызға қай заманнан да қандас қарындасы мен бауырын тағдырдың тәлкегіне тастап, жақынының жанарындағы жас пен мұңға жаны жібімес безбүйрек мейірімсіздік жат мінез. Қазақтың кеңдігі оның төгіліп тұрар мейірімі мен жат та болса жатырқамай қиналған шақта аузындағысын жырып беріп, көмекке жүгіретіні. Осы асыл мінезіміз ұлт болып ұйысуға, ұрпақтың ғұмырын ұзартуға негіз болғанына кәрі тарих куәгер.
Замана толқыны қанша аунаса да тәні мен жанының, санасына мың батпан жүк болған жертөле тұрмысының ауыр халіне тап болған бауырлар біздің де қоғамда аз емес. Үмітіне иек сүйеп, Жаратқанға жалбарынумен жалғанның бес күніндегі ауруына дауа, арқасын аяздай қарыған қиыншылығына жеңілдік іздеген қазақ баласына титтей де болса көмегі тиер, тумысынан ұлт жүрегі мейірге толған жұрт жақыны мен бауырына қолынан келгенше қарайласар деген ізгілікке толы ниетпен жазып отырмыз.
Бір күні біздің редакцияға бір хат келіп түсті. Жариялануға жіберіліп, қатесін түзеп жатқан бас редактор бұл баланың тағдырын көзіммен көріп келуге тапсырма берді. Көлікке мініп, мен де зымырай жөнелдім. Ауылдың қарапайым ғана тұрғыны Перизат апай алдымнан шығып қарсы алды. Басында жақсы көңіл күймен кірген едім, босағаны аттай бергенде мүлдем басқа күй кештім. Бір емес екі баласы да дәл осы дертке шалдыққан ананың көзіндегі мұң мен қайғыны сездім.
Оның қос дөңгелекті арбаға таңылғанына 11 жыл. Осынша жыл жер басып көрмеген ол екі аяғының арбаға танылғанында кішкентай ғана шақалақ еді. «Әлі-ақ айығып, ортаға қосыламын» деген тәтті үміт жетегінде жүргенде ер жетіп, ата-анасына қолғанат болар уақыттың келгенін де байқамай қалыпты. Ата-анасы тірнектеп жиған тиын- тебенімен сан дәрігерге қаралып, алданып жүргенде өмір арбасы оны дөңгелетіп жөнеліпті. Анадан он екі мүшесі сау туған Елдар өмірінің жалынды жастық шағын жарымжан күйде өткізуде.
Туғанына небәрі алты ай болған уақытта оған екпе егіледі. Сол сәттен кейін сәбидің денсаулығы күрт төмендейді. Дәрігерлер оған «гиперкинез» деген диагноз қояды. Алладан емес, адамнан келген ауруға мойынсұнып, өмірінің соңына дейін мүгедек болып өтпесінші деген ананың жүрегіндегі қайғыны ешкім түсіне қоймас, сірә?!
Арбасынан ажырап Елдардың арпалыспен өткен өміріне шырай кіргізіп, шыдамын арттыра түскен, жарық дүниеден талай рет көңілі қалған сәттерде ата-анасы мен бауырлары демеу болды. Әлі аузынан ананың сүті кеппеген балғынның бар өмірі арбаға таңылды. Үміт етіп, болашағым жарқын болады деп оған сәуле берген дүние бар. Ол – аяғындағы жаны. Екі аяғы ештеңені сезбегенде, өмірді тек арба үстінен тамашалауға көндігер еді. Бірақ оған қара жерді басып, аяғымен жер ананың жылуын сезінуге мүмкіндігі бар. Тек көмек керек. Ем домы мен керек жарағынан артылмайтын жәрдемақысы оның аяққа тұруына кедергі болып тұр.
Өзімен тілдесіп, арманың қандай дегенімде «менің де жүргім келеді...» дей берді.
Алдағы уақытта Елдар редакцияға өзінің шығармашылығынан біраз әңгімелерді қалың оқырманға жеткізгісі келетінін де жасырмады.
Бала арманы орындалсын...

Майя ҚОЖАБАЙ