Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КЕЙІНГІ ТОЛҚЫНҒА АРТЫП ОТЫРҒАН СЕНІМІ ЗОР.

КЕЙІНГІ ТОЛҚЫНҒА АРТЫП ОТЫРҒАН СЕНІМІ ЗОР.


Талапты жастардың қоғам өміріне араласуы бұ­рын­нан қалыптасқан заңдылық. Өйткені, мол мүмкін­шіліктер мен тың идеяларды жүзеге асыру осы өскелең ұрпақтың еншісінде. Сол себепті де болашақ өзгенің емес, өзінің қолында екенін ұғынған жастардың қоғам өміріне, елдің дамуына белсене араласуы үлкен жетістік.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ерікті болу – ол біреу үшін емес,өзің үшін жұмыс жасау. Сен сол арқылы өзіңді тәрбиелейсің!» - деген болатын.
Мен 2014 жылдан бастап жастар және студенттермен бірлесе отырып, ерікті қызметпен айналысып келемін.
Көмекке мұқтаж болған жанға сәл де болса жанашырлық танытып, қолынан келген қолғабысын тигізсе, мұның өзі ел үшін жасаған игі ісі деп білемін және жүрегі жомарт әрбір жанның қолынан келмек.
Бұл тұрғыда, аға буынның кейінгі толқынға артып отырған сенімі зор. Оған дәлел, Елбасымыздың Жолдауында да кемел келешек иелеріне сенім жүгі артылып, биылғы жылды біздің еншімізге беріп отыр. Сондықтан да жүрегі жомарт, пейілі кең қазақтың Ұлы дала жастарын ұлы істерге ұмтылып, жарқын жұмыстарды бірге атқаруға шақырамын!


Сәуле Сыздықова,
аудандық «Жастар ресурстық орталығының» маманы
21 ақпан 2019 ж. 711 0