Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТУҒАН ЖЕРГЕ АСЫҒЫП ТҰРАМЫН

ТУҒАН ЖЕРГЕ АСЫҒЫП ТҰРАМЫН

Әркімге туған жері ыстық. Менің де кіндік қаным тамған жерім қаймағы бұзылмаған қазақтың Сыр елі. Ұлтым өзге болса да, қазақ халқымен қандас болып кеттік. Тағдыр біріктірген біздің ата-бабамыз туған жерінен жер аударылып келгенде, осында тұрақты мекенін тапты. Құшағын айқара ашқан қазақтай дана ұлт жер бетінде жоқ десем қателеспеймін. Өзі аш отырса да, бір үзім нанды өзгемен бөліскен қазақ халқына қайран қаласың. Неткен дарқандық, кішіпейілдік десеңші. Мұны бізге үлкендер үнемі айтып келеді. Ал біз өз кезегімізде ұрпағымыздың санасына құйып келеміз.
Елбасы бар, ашық аспаны бар, мейірімді халқы бар Қазақ еліне жұрт тамсана да, қызыға қарайды. Күн сайын қарыштап дамып келе жатқан еліміздің алдында мақсат бар. Ол – дамыған 30 елдің қатарына кіру. Ол үшін саналы ұрпақ тәрбиелеп, ұшан-теңіз білім алып, тіл үйрену қажет. Сонда ғана мақсатымызға жетеміз. Аға ұрпақтың өкілі ретінде еңбегімізді сіңіріп, ұрпақ өсірдік. Қазақтың ұлттық дәстүрін құрметтеп, тілегіміз бір арнаға түйісті. Ендігі арманымыз Мәңгілік елге ұрпағымыз адал қызмет еткенін көру.

Анна ШАДРИНА,
медицина саласының ардагері

28 ақпан 2019 ж. 828 0