Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

№ 63 газет

23 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ГАЗЕТТЕН ҚОЛ ҮЗБЕЙМІН

ГАЗЕТТЕН ҚОЛ ҮЗБЕЙМІН

Жаңалық пен жақсылық атаулының жаршысы болған аудандық басылым «Тіршілік тынысынан» қол үзген емеспін. Биыл 80 жылдығын атап өткелі тұрған газеттің тарихы көз алдымда өтіп жатыр десем артық айтқандық болмас. Бала кезден бас­тап жасым ұлғайғанға дейін алдымен пош­та жәшігінен аудандық газетті алып, оқу­ға асығып тұрамын.
Ауданның бас басылымы – аудан тарихынан сыр шертетін, жетістігі мен жаңа­лығын жария ететін газет. Аптасына екі мәр­те шығатын газеттің шығарылымы мен­ маз­мұны жаңарып, оқырманын қу­ан­­тып келеді. Әсіресе, еліміздегі болып жат­­қан саяси науқан мен мемлекеттік бағ­дар­лама бойынша атқарылып жатқан игі істерді шынайы жеткізіп отырған басылым қаламгерлерінің ізденістеріне ризамын. Танымдық мақалалардан да оқырман өзіне қажетті дүниені тауып, рухани азық­ алуда. Меніңше, аудандық газет әрбір сыр­дариялық отбасында болуы тиіс. Оны оқитын оқыр­ман да неғұрлым көп болса, га­зеттің шыға­рылымына атсалысып, журналистерге жа­ңа­ша серпін беретініміз анық.
Аудан газетіне жазылайық, оқырман!

Құрман Ысқақ,
Ақжарма ауылдық
Қоғамдық кеңес төрағасы
03 мамыр 2019 ж. 1 388 0