Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА БЕЛЕСТЕГІ БАСЫЛЫМ

ЖАҢА БЕЛЕСТЕГІ БАСЫЛЫМ

Жастық шағымның куәсі, 35 жыл бойы еңбек еткен жергілікті басылым – аудандық газет биыл 80 жасқа толып отыр. Бір кісілік ғұмыр. Мұнда қаншама адамның ізі сайрап жатыр десеңізші. Біз еңбек еткен жылдары баспахана мен редакция ұжымы егіз ұғым болатын. Кейін баспахана тарағанда редакцияға бірігіп жұмыс істедік. Осы жылдар ішінде редакцияға бірнеше басшы келді. Барлығы да өте керемет кісілер болатын. Ұжым жұмысын ұйымдастыруда бірінен бірі өткен шебер еді. Аптаның барлық күнінде баспахана мен редакцияда жұмыс қызып жататын. Газет басудан қолымыз босай қалса, түрлі бланкілерді басып шығаратынбыз. Заманның кеңшілігі ғой. Барлық мекемелерден тапсырыс түсіп, еңбегімізге қарай жақсы жалақы да алдық. Газет жұмысының басы-қасында жүретін ағалардың қызық әңгімелерін тыңдап, ауызбірлігі мықты ұжым болатынбыз. Міне, ескінің жаңғырғаны болар, редакция жаңа ғимаратқа орналасты. Мұнда да қай кездеде жұмыс бір сәтке де бәсеңдемейді. Заманның ағымына сай газетті оқырман қолына жеткізуге асығатын басылым қызметкерлері тарату қызметін де өз қолдарына алған. Аптасына екі мәрте шығатын газетті асыға күтіп отырамыз. Жаңалықтарды, қызықты мақалаларды, керек кеңестерді бәрін-бәрін оқимыз. Оқырманның ойынан шығатын газеттің мәртебесі асқақтай берсін. Келіп жеткен Наурыз мерекесі мен 80 жылдық тойымыз құтты болсын.

Шолпан БЕРКІНБАЕВА,
баспахана ардагері
24 наурыз 2019 ж. 1 190 0