ТӨЛ ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛАЙЫҚ!
Ауданда тұрып ««Тіршілік тынысы» газетін алмаймын, жазылған жоқпын» дегендерге таң қаламын. Газет ауданның айнасы емес пе?! Ауданда болып жатқан барлық тіршілікті осы басылымнан оқуға болады. Әрбір сырдариялық елде болып жатқан жаңалықтарды біліп отыруы қажет деймін. Ал оның көзі аудандық басылым екені айтпаса да түсінікті.
Өзім «Тіршілік тынысы» газетіне арнайы барып жазылып, аудан тынысымен танысып отырамын. Көптеген газеттерге жазыламын. Үйге 5-6 басылым келсе, ең алдымен, төл газетті таласа қолға аламын. Өйткені қазір газетте оқырманға құнды дүниелер, тәрбиеге қатысты танымдық мақалалар көптеп берілуде. Оған қоса, аудан көлеміндегі жасалып жатқан тың, серпінді жұмыстар ақпараттандырылуда.
Аудандық басылымды оқып болған соң жинап қоямын. Оны Алматыдағы сіңілім өзі келгенде оқиды немесе арнайылап салып жіберемін. Сіңілім «Газетті оқып, елге деген сағынышымды басып аламын» дейді.
Жаңалық жаршысы болған төл газетке жазылайық, құрметті оқырман!
Алтын НҰРТАЕВА,
ардагер-ұстаз