Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ГАЗЕТТІҢ ТАРИХЫМЕН БІРГЕ ҚАЙНАДЫҚ

ГАЗЕТТІҢ ТАРИХЫМЕН БІРГЕ ҚАЙНАДЫҚ

Саналы ғұмырымда баспаханада әріп теруші болып еңбек еттім. Кент орталығында қос қабатты үлкен ғимаратқа орналасқан сол кездегі баспахана мен аудандық редакция жұмысы бір сәтке де тоқтамайтын. Қызу қайнаған жұмыстың басында әріп терушілер мен газет басушылар тұратын. Сартылдаған станоктар мен линотиптерге күн сайын асығатынбыз. Жаңа тапсырма, қызық та жауапкершілігі мол еңбек жүктеліп, оны тыңғылықты орындаймыз. Осындай естеліктер ойға оралып, газеттің тарихымен бірге жасасқанымызға, ауданның тыныс-тіршілігіне араласқанымызға өзімізше қуанатынбыз. Редакция журналистерімен тығыз жұмыс жасап, олардың мақалаларын біржолата қатесіз, сауатты теруге тырысамыз. Себебі бір сөзден кеткен қатені түзету үшін бір жолды қайта теруге тура келетін. Жұмыс ауыр, үйге ертерек қайту үшін неше түрлі амалдарды ойлаймыз. Мұның бәрі өтті де кетті. Жасымыз келіп, зейнеткерлікке шықтық. Дегенмен төл мереке мен айтулы мерейтойларда ардагерлердің басы қосылып, мәре-сәре боламыз. Үлкен жасқа келген газеттің оқырманы ретінде оның жұмысы қалай үйлесетінін жақсы білеміз. Сондықтан ұжымға толағай табыс пен шығармашылықтың биік белесін тілейміз. Келіп жеткен жаңа әзНаурыз мерекесі әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт әкелсін.

Қалдыгүл БАЛШЫҚБАЕВА,
сала ардагері
24 наурыз 2019 ж. 1 161 0