Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Орын алған мәселелерді тез арада шешуге тырысыңыз. Жолыңызда кездесер кедергілерден қорықпаңыз, сіз оларды жеңе аласыз. Іскерлік байланыстарыңызды нығайта түсіңіз. Сізге серіктес болуға ұсыныс түседі.

Торпақ
Сабырлы да, жемісті күн. Барлық шаруаға үлгересіз, әрі көп күш жұмсамайсыз. Жұмыс жасайтын аумағыңыз жаныңызға жайлы болады. Өзгелердің кеңесіне құлақ түргеннен гөрі, өзіңіздің ішкі түйсігіңізге сеніңіз.

Егіздер
Алдағы күндерге жоспар жасаңыз. Сол жоспарлардың ең маңыздылары орындалатынына күмән келтірмеңіз. Ал ұсақ-түйектерін өзіңіз-аө ұмытып кетесіз. Жақындарыңыз сізге әрқашан қолдау білдіреді.

Шаян
Күтпеген жаңалықтарды естіп алғашында таңқаласыз. Сонан соң қызықты ойлар пайда болуы мүмкін. Бүгінгі оқиғалар алдағы күндерге құрған жоспарларыңызды қайта пысықтауды талап етеді.

Арыстан
Мазасыз күн. Бірақ сіз сабырлылық танытып, барлығын жеңіп шығасыз. Сіздің жұмысыңызды өзгелер бағалап жатқаны қуантады. Сіз көмек көрсеткен жандар сізге алғыс білдіреді. Қиын мәселелер туындаса да, сіз оларға күліп қарайтын боласыз.

Бикеш
Сәтті күн. Сондай-ақ қызықты, әрі, көңілді күн болмақ. Мәселелерге өзгеше көзқарас танытасыз. Сондықтан шешімдеріңіз де өзгеше болмақ. Бір сөзбен айтқанда, мәселелер оң шешімін табады. Жаңа жұмысқа орналасасыз.

Таразы
Күніңіз жақсы өтеді. Жұмысты тез атқарып, тапсырманы орындау барысында да оңай жолын табасыз. Қиын сәттерде дұрыс жолды таңдай білесіз. Бүгін сіз тіл табыса алмайтын жан болмайды. Сондай-ақ сіз барлық сұрақтарға жауап таба аласыз.

Сарышаян
Байланыстар орнатуға сәттіз күн. Сізге көп үміт артқан жандарды қапы қалдырасыз. Олардың алдында ақталуыңызға, мән-жайды түсіндіруіңізге тура келеді. Басқалар сіздің сабырлы болғаныңызды қалаған уақытта сіз шыдамсыздық танытып, эмоцияға берілесіз.

Мерген
Сақ болыңыз. Бүгін орын алатын оқиғалар өміріңізде маңызды рөл атқаруы мүмкін. Олар өміріңізді күрт өзгертуі де ғажап емес. Көпшіліктің ақыл-кеңесіне жүгінудің қажеті жоқ. Басқалар сіздің жа,-дүниеңізде не болып жатқанынан бейхабар.

Тауешкі
Өзіңізге не қажет екенін нақты білсеңіз, күніңіз сәтті өтеді. Сондықтан мақсатыңызды айқындап алыңыз. Бір уақытта бірнеше шаруаны тындырамын деп ойласаңыз, онда қателесесіз. Маңызды мәселелерді талқылауға таптырмас күн.

Суқұйғыш
Жемісті күн. Берілген тапсырмаларға дер кезінде кіріссеңіз, көп іс тындырасыз. Кешке қарай өз-өзіңізді мақтан тұтатын боласыз. Жұмысты кейінге қалдырамын деп өзіңізге қиындық туындатып алмаңыз. Ол қиындықты жеңу де оңайға соқпасын ұғыңыз.

Балықтар
Бүгінгі күн керемет ижеялардың күні. Шығармашылық әлеуетіңіз шыңдалып, кез келген тапсырмаларды орындауға дайынсыз. Тіпті қиын деген жұмыстың өзін әп-сәтте орындайсыз. Ішкі түйсігіңіздің арқасында жақындарыңызды айтқызбай-ақ ұғасыз. Қиын жағдайда тұрған жанға сіз ғана көмек көрсете аласыз.

kyzylorda-news.kz
28 наурыз 2019 ж. 840 0