Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Достарыңыздың немесе серіктестеріңіздің көмегімен жұмысқа қатысты ұсыныс аласыз. Бұл ұсыныс сіздің табысыңызды арттырады не болмаса жаңа қызметке ауысасыз. Бірақ барлығын жан-жақты ойланып алыңыз.  

Торпақ
Өзіңіздің күш-жігеріңізге сенім артып, біраз шаруаны тындырасыз. Көптен ойға алған жоспарыңызды жүзеге асыратын кез келді. Жұлдыздар баспанаға қаражат жинау немесе алдағы күндерге ақша жинауға кеңес береді.  

Егіздер
Қандайда бір істі артығымен орындағанды ұнатасыз. Іске тиянақтылығыңыздың арқасында табысыңызда көбейе түспек. Жұмыс бабымен жолға шығуыңыз мүмкін. Бұл материалдық жағдайыңызды жақсартатыны белгілі.

Шаян
Жақын адамыңызбен қарым-қатынасыңыз қиындай түседі. Оны жақсартамын деп әуреге түспеңіз. Тек түсінісу үшін уақыт беріңіз. Сонда ғана барлығы өз орнына келеді.

Арыстан
Қаржылық жағдайыңызды жақсартуға мүмкіндік бар. Бүгін көп шаршайсыз. Көңіл-күйіңіз түсіп, басыңыз ауырады, үй шаруасы да әдеттегіден кебейіп кетуі мүмкін.

Бикеш
Бүгін белсенділік танытып, шығармашылығыңызды шыңдай түсесіз. Қызықты ұсыныстар түсіп, жұмысқа деген ынтаңыз артады. Бірақ барлығы сіз ойлағандай болмайды. Шыдамды болыңыз.  

Таразы
Бұрын жасап көрмеген іспен айналысыңыз. Сізге таңсық сауда-саттық саласы болуы мүмкін. Бұл салада мол табысқа кенелеріңіз анық. Бірақ сізге серік болар жан керек. Серіктестің өзіңіз таңдаңыз.

Сарышаян
Қаржылық жағдайыңыз жақсарады немесе берілген тапсырманы сәтті аяқтайсыз. Бірақ арқаны кеңге салудың қажеті жоқ. Отбасыңызға көп көңіл бөліңіз. Жоспарларыңызды өзгертуге тура келеді.  

Мерген
Бүгін күш-қуатыңыз тасып тұр. Кез келген істе тәуекелге барып, оларды оң нәтижемен аяқтайсыз. Үйге жөндеу жұмыстарын немесе пайдасы мол зат сатып алар болсаңыз бүгін жолыңыз болады.

Тауешкі
Алға қойған мақсатыңызға бір табан жақындайсыз. Өзіңізге деген сенімділігіңіз артып, ішкі түйсігіңіздің алдамайтынына көзіңіз жетеді. Қайсыбір істі қолға алсаңыз да барлығын оңай атқара аласыз. Сондай-ақ барлық іс сіздің пайдаңызға шешілетін болады.

Суқұйғыш
Кәсіппен айналысатын «суқұйғыштар» үшін бұл күн сәтті болады. Бүгін сіздер өз ісіңізге қатысты жағымды жаңалық аласыз немесе ұсыныс түсуі мүмкін. Бірақ сол ұсынысты мақұлдамай тұрып, ұзақ ойланыңыз.

Балықтар
Сіздің табандылығыңыз бен сырт келбетіңіз жұмыста оң нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі. Жетістікке тез жетемін деп ойласаңыз, қателесесіз. «Асықпаған, арбамен қоян аулайды» демекші, мақсатқа асықпай жетуге болады.

kyzylorda-news.kz
25 ақпан 2019 ж. 903 0