Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 16 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгінгі күнге бей-жай қарамаңыз. Шешімін табу қиынға соғатын қиындықтарға тап боласыз. Мұндай жағдайда жоспарыңызды өзгертесіз немесе орын алып жатқан жағдады сол қалпында қабылдауыңыз қажет.
Барлығы өзіңіз ойлағандай болмады деп өзіңізге деген сенімділікті жоғатпағаныңыз жөн. Мақсатқа жеткізер жол табылары анық. Бұрыннан таныс адамдармен бас қосу сізге өз пайдасын тигізеді.
Торпақ
Өз айтқаныңыздан қайтпайсыз. Бұл мінезіңіз сізге тек қиындықтар алып келмесе, мәселені шешеді деп айту қиын. Өзіңіздің ісіңізді дұрыс деп, өзгелердің пікіріне күдікпен қарап, шешімдеріне құлақ түргіңіз келмейді. Бұл мінезіңіз кикілжің тудырып, өзгелерді ренжітіп алуыңыз мүмкін.
Бүгінгі жоспарларыңыз түбегейлі өзгеруі мүмкін. Бұл жағдай біраз «торпақтардың» көңіл-күйін түсірері анық. Сабырлылық танытыңыз.
Егіздер
Жұмысыңызды алға жылжытып, жағдайыңызды жақсартуға қолайлы күн. Бірақ шаруаларыңыздың барлығын оңайлықпен бітіре алмайсыз. Бүгін жасалуы тиіс істерді ертеңге қалдырмаңыз.
Күннің алғашқы жартысында жұмысыңыз алға баспай, аздаған сәтсіздіктерге ұшырауыңыз мүмкін. Еш алаңдамаңыз. Сәлден соң барлығы өз орнына келеді. Бүгін сізді достарыңызбен кездесу немесе романтикалық кеш күтіп тұр.
Шаян
Бұл күні сізді жолыңыз болғыш деп айту қиын. Өз ұстанымдарыңызға берік емессіз. Бұл осал тұсыңызды білгендіктен, өзіңізге немқұрайлылық танытып жүрген жандардан бойыңызды аулақ ұстайсыз. Бірақ, еш уайымдамаңыз. Көп уақыт өтпей әркім өз орнын білетін болады.
Бұрын бастаған, алайда аяқсыз қалдырған ісіңізді бүгін соңына дейін жеткізесіз. Басқа салада бағыңызды сынап көру үшін алғашқы қадам жасайсыз. Бірақ демде мол табысқа жетемін деп ойламаңыз.
Арыстан
Барлығы сіз ойлағандай оңай емес. Мұнымен келіспеске амалыңыз жоқ. Қарсыластарыңызға қарсы тұру да қиын. Олардың күш-жігері сізге қарағанда әлдеқайда көп. Жеңу үшін өзгелердің көмегіне емес, тек өзіңізге ғана сеніңіз.
Бүгін аяқталмаған істерді соңына дейін жеткізуге, құжаттарды реттеуге қолайлы күн. Бұл жұмыстарды жасай отырып, сіз бұрын-соңды байқамай жүрген ұсақ-түйекке мән беретін боласыз.
Бикеш
Көп уақытыңыз өзгелердің мәселесін шешумен өтеді. Өзіңіздің жұмысыңызды бірыңғайлауға уақыт таппай, біраз ашуланасыз. Бірақ барлығына да үлгеруге мүмкіндік бар.
Түстен кейінгі уақытта өткен күнге көз жүгіртіп, ренжіскен адамдарыңызбен қайта татуласасыз. Бұл күні сіз үшін өзгелерді түсіну, өз ісіңізге есеп беру қиын емес.
Таразы
Бүгінгі күннің қалай өтуі өз қолыңызда. Жақсылыққа жету үшін жақсы ойлау қажет екенін түсінесіз. Табыс пен жетістікке жету үшін кімнен көмек сұрап, қандай шешім қабылдау қажет екенін де ұғасыз.
Мақсатқа жету, жоспарлардың орындалуы жайында ойланасыз. Жеке өміріңізде жағымды оқиғалар орын алады.
Сарышаян
Күніңіз жақсы өтеді. Өзіңізге қызықты істермен айналысып, айналаңызда болып жатқан жайттарды бақылап отырасыз. Күтпеген кездесулер болуы мүмкін. Бұл кездесулерде серіктес болуға қатысты әңгімелер қозғалып, өз пайдасын тигізері анық.
Бұл күні туыстарыңызға көмектесіп, отбасылық мәселелерді шешесіз. Жеке өміріңізді жақсарту тек өз қолыңызда, ол үшін өзіңіз жақсы бастама көтеруіңіз қажет.
Мерген
Өзіңіздің қабілетіңізді дұрыс пайдаланып, жақсы жетістікке жетесіз. Серіктестеріңізбен жұмыс жүргізу, айналаңыздағылармен, тіпті бұрын тіл табыса алмаған жандармен жұмыс жасау оңай болады. Көпшілік сіздің ақыл-кеңесіңізге құлақ түреді.
Тұрмыстық мәселелерді шешесіз. Бұл күні жасаған сауда-саттығыңыз сәтті болмақ. Күтпеген жерден мол қаржыға ие боласыз.
Тауешкі
Белсенділік танытсаңыз, айтарлықтай жетістікке жетесіз. Алдымен өзіңізге не қажет екенін біліп алыңыз. Әйтпесе, барлық күшіңізді сарп етуіңіз мүмкін. Шығармашылығыңызды шыңдайсыз. Алдағы уақытқа жаңа жоспарлар құрасыз.
Отбасыңызға немесе жақын туыстарыңызға қатысты жағымды жаңалық болады. Бойыңызда күш-жігеріңіз көп. Көп қаражат жұмсайсыз. Үйіңізге жаңа дүние алыңыз.
Суқұйғыш
Күн бірқалыпты өтеді. Жаңа идеялар туындамаса да, ескі жоспарларыңызды жүзеге асырасыз. Ескі де, жаңа таныстарыңызбен тіл табысып, ортақ істер жайында келіссөздер жүргізесіздер. Жақындарыңызбен ара-қатынасыңыз жақсара түспек.
Сапарға шығар болсаңыз жолыңыз болады. Қызықты орындарға барып, ерекше сезімде болып, мол ақпарат аласыз.
Балықтар
Бұл күні жұмыстан бас алмайсыз. Дегенмен, әр ісіңіз жемісті болмақ. Алдыңызға қандай мақсат қойсаңыз да оған жету үшін біраз тер төгу қажет екенін ұмытпаңыз. Бүгінге жоспарланған істерді кейінге қалдырмаңыз. Күннің алғашқы жартысы сол жоспарларды жүзеге асыруға өте қолайлы.
Алыстан хабар аласыз. Бұрын батылыңыз бармаған істі атқаруға шешім қабылдайсыз. Өміріңізді өзгертуге талпынасыз.