Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Шыдамды болыңыз. Мақсатқа бірден жету қиын. «Асықпаған арбамен қоян аулайды» демекші, қай істе де асықпағаныңыз жөн. Қаржыға қатысты шаруаларда абай болыңыз. Үйдегі өкпе-реніш артта қалады.

Торпақ
Жұмыс көп. Бірақ бұл жұмыстардың барлығы қызықты емес. Күнделікті күйбең тірлік сізді шаршатады. Сіз өзіңіздің мұнан да зор жұмысқа лайық екеніңізді білесіз. Кейде өзіңізге ашуланасыз.  

Егіздер
Біреумен келіссөз жүргізуге, маңызды мәселені талқылауға қолайлы күн. Алға қойған жоспарларыңыз өте керемет. Сонымен қатар бүгін ескі таныстарыңызды кезіктіріп қаласыз.

Шаян
Барлық жұмысыңыз оңынан шешіледі. Еңбектенген адамға бүгінгі күн жемісті болмақ. Сондай-ақ бүгін бұрын қателікті түзейсіз немесе аяқталмаған шаруаны соңына жеткізесіз.

Арыстан
Бүгінгі күн жаңа идеяларға толы, әрі жаңа тапсырмалар көп. Тапсырманы орындау оңай емес, бірақ барлығын шешетініңізге сеніңіз. Сіздің жетістіктеріңіз айналаңыздағыларды таңқалдыратын болады.

Бикеш
Барлық ісіңіз сәтімен болмақ. Қиындықтан қорықпаңыз. Жолыңыздағы кедергілерді оңай еңсеріп, өз ісіңізден ләззат алатын боласыз. Күтпеген жерден кездесулерге шақырту аласыз. Олардан бас тартпаңыз.

Таразы
Тәуекелге бел буып, табандылық танытып, табысқа жетесіз. Сәттілік сергіңізге айналып, өзгелердің қолынан келмеген істі тындырасыз. Ұсақ-түйек реніштерді жаныңызға жақын алмаңыз. Сізге айтылған қалжыңдарға бола шамданбаңыз.

Сарышаян
Бүгінгі күн ішпыстырмайды. Әріптестеріңіз тосынсый жасайды. Бұрынғы серіктестеріңізбен қарым-қатынасты жақсартып, қайта бірге жұмыс жасайтын боласыздар.

Мерген
Діттеген мақсатқа жету үшін аздаған қателіктер орын алмасын десеңіз сақ болыңыз. Асықпаңыз, асықсаңыз қолайсыз жағдайға түсуіңіз мүмкін. Өзгелердің сізді басынуына жол бермеңіз.  

Тауешкі
Өте тамаша күн. Әсіресе, сауда-саттықпен айналысатын жандар үшін сәтті күн болмақ. Тиімді көліссөздер жүргізіп, мол қаражатқа ие болады. Бұл күн романтикалық кездесу ұйымдастыруға қолайсыз.

Суқұйғыш
Ірі көлемде сауда жасауға қолайлы күн. Артық қаражатыңыз болса кәсіп бастағаныңыз жөн.  Тек өз күшіңізге сеніңіз. Жұмыста ештеңе өзгертуге талпынбаңыз. Бүгін бұрын жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз.

Балықтар
Кейбір жоспарларыңызды орындаудан бас тартасыз. Қызықты жобаларыңызды кейінге қалдырып, ішпыстырарлық, бірақ тез арада орындалуы тиіс істерді қолға аласыз. Жақындарыңыздың біріне қатысты жақсы жаңалық аласыз.

kyzylorda-news.kz

19 наурыз 2019 ж. 792 0