Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Күніңіз табысты болады, бірақ аздап ішпыстырарлықтай. Жетістікке жету үшін мақсаттарыңызды айқындап алғаныңыз жөн. Жолыңызда кездескен кейбір кедергілеріңізге алаңдамасаңызда болады. Сіз оларды жеңетін боласыз. Сондай-ақ бүгін көңіл-күйіңіз құбылмалы болмақ. Жақындарыңыз бұл мінезіңізді түсінбеуі мүмкін. Бірақ сіз олардың алдында ақталмағаныңыз дұрыс.  

Торпақ
Өз-өзіңізге сенсеңіз, біраз шаруа тындырасыз. Ірі жобаларды қолға алмастан бұрын, оған әліңіз келетіндігіне көз жеткізіп алыңыз.  Жұмыс деп жүріп жақындарыңызға берген уәдені ұмытып кетпеңіз. Түстен кейін отбасылық жағдайды ретке келтіресіз. Үйдегі мәселелер алғашқы да ұсақ-түйек болып көрінгенімен, соңынан оның өзекті екенін байқайсыз. Алаңдамаңыз, сіз бұл мәселелерді шеше аласыз.

Егіздер
Қаржылық жағдайыңызға мән беріңіз. Материалдық жағдайыңызды жақсартуға мүмкіндігіңіз бар. Бірақ ақшаданда маңызды мәселелер бар екенін ұмытпаңыз. Жақындарыңызға көп көңіл бөлгеніңіз жөн. Эмоцияға беріңлмеңіз, әйтпесе, біраз қателіктерге бой алдырасыз. Көңіл аударуға тура келетін ұсақ жұмыстар көп. Олардың кейбірін кейінге қалдырыңыз.

Шаян
Өз күшіңізді сынау үшін жаңа жұмысты қолға алыңыз. Бүгінгі күн жаңа жұмыс табуға немесе өзіңізге көптен ұнап жүрген адамның көңілін өзіңізге аударуға қолайлы күн. Болмашыға бола мазаңызды қашырғыңыз келмейді. Алайда барлығы сіз қалағандай болмайтыны анық. Бүгін отбасыңыздың жанында болыңыз.  

Арыстан
Еңбектенуден қашпаңыз. Адал еңбегіңіздің арқасында қомақты сыйақыға ие боласыз. Материалдық жағдайыңызды жақсартып, кейін мол табыс әкелетін келісім шартқа отыруға болады. Жұмыс жағынан айыңыз оңынан туғанымен, отбасыда жағдай басқаша болмақ. Отбасында аздаған қиындықтар туындауы мүмкін. Кпө уақыт өтпей бұл мәселені де оңай шеше аласыз.

Бикеш
Жаңа серіктестер мен көмекшілер табылады. Сіз оларға толық сенім арта аласыз. Олар жоғары лауазымды тұлғалар. Жаңа серіктестер тапқаныңызбен, ескі таныстардан байланысыңызды үзбеңіз. Қаржылық жағдайыңыз бір арнаға түсіп, жақсара түседі. Кейде өзіңіз ойлағаннан да көп мол табысқа ие боласыз.  

Таразы
Нақты шешім шығара біліңіз. Қарсыластарыңызды жеңіп, сізге жақсылық ойламағандарды шаң қаптырасыз. Кез келген істі оңайлықпен атқарып, алға қойған мақсатқа жету үшін барлығын жасайсыз. Әрине, мақсатқа жету көп еңбекті қажет етеді. Көп еңбектенесіз, бірақ ешқашан шаршағаныңызды сезбейсіз.  

Сарышаян
Алдағы күндерге жоспар құрмаңыз. Бұл жоспарларды орындау мүмкін емес. Босқа шығындалып қалудан сақтаныңыз. Түскі уақыт тым қарбалас болуы мүмкін. Дәл осы уақытта ойланбай іс жасамаңыз. Артық әңгіме айтудан сақтаныңыз. Кешкі уақыт тыныштықта демалуға өте қолайлы.

Мерген
Жаңа серіктестердің арқасында жұмысыңыз алға басады. Жұмыс барысы күрт өзгеріп кетуі мүмкін. Бірақ сіз еш саспастан жұмысты тоқтатпай, оның жүргізілуін қадағалайсыз. Жалпы, жұмыс барысы сізді еш алаңдатпайды. Сізді жақындарыңыздың сіз орындай алмайтын өтініш айтып келуі алаңдатуы мүмкін. Бірақ сізге ешкім ренжімейді.

Тауешкі
Өзіңізге сенімдісіз, сондықтан бірбеткейлік танытасыз. Мақсатқа жету оңай емес, бірақ табандылық танытар болсаңыз ойыңыздағы орындалады. Есіңізде болсын, бүгін тек өзіңіз сенетін адамдарға ғана сеніңіз. Әйтпесе, әлдекімдер алдап кетуі мүмкін. Жақындарыңызбен тіл табысу қиынға соғады. Сабырлылық танытсаңыз, бұл мәселені де шешуге болады.  

Суқұйғыш
Сізді ешқандай қиындық та, қорқыныш та және кедергілерде қорқыта алмайды. Мақсатқа жетуге деген талпынысыңызға ешкім кедергі келтіре алмайды. Жақсы нәтижеге жетемін деп өзге адамдардың қызығушылығына қол салмаңыз. Мұндай қадамға барар болсаңыз, сізді ешкім кешірмеуі мүмкін. Бүгін сіздің мінезіңіз мінсіз болуы керек.

Балықтар
Жаңа бастамаларды қолға алуға және басқа салада бақ сынауға қолайлы күн. Іскерлік қабілетіңіз сізге пайдалы келісімдер жасауға және болашағы зор жобаларды таңдауға мүмкіндік береді. Сіздің іскерлігіңізге тең келер ешкім жоқ екенін өзіңіз де байқайсыз. Жақын адамдарыңызбен қарым-қатынасыңыз жақсара түседі.

kyzylorda-news.kz
01 наурыз 2019 ж. 914 0