Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Бүгін жолыңыз болып, өзіңізді бақытты сезінесіз. Бірақ бірбеткейлік танытып жүрмеңіз. Бұл мінезіңіз көп қателіктер жіберуге себепші болады. Сізді жақсы көретін жандардан өзіңізді алшақ ұстамаңыз.  

Торпақ
Сіздің романтикалық қарым-қатынастарыңызды өзгелер әңгімелейтін болады. Өсек-аяңнан сізге тиер еш зиян жоқ. Жұрттың аузына қақпақ болу мүмкін емес екенін ұғыңыз.

Егіздер
Бүгін сіз өзіңіздің әлеуеметтік жағдайыңызды көп ойлайсыз. Өзіңізге деген сенімділігіңіз қарсыластарыңыздың жүйкесіне тиеді. Айналаңыздағыларға сыйластық танытыңыз. Өзіңізді мәдениетті ұстаңыз. Ешкімді ренжітпеңіз.

Шаян
Бүгінгі күн керемет. Жеке өміріңізде жолыңыз болғалы тұр. Жолым болсын десеңіз, мақсатыңызды айқындап алыңыз. Сонда ғана барлығы өз ретімен, өз ойыңыздағыдай жүзеге асатын болады.

Арыстан
Үмітіңіз ақталып, жаңа байланыстар орнатасыз. Бүгін сондай-ақ арман-тілектеріңіз орындалатын күн. Егер сізге біреу қарсылық танытса, бұл мәселені жұдырықпен шешпегеніңіз жөн. Мәселені шешудің түрлі амалы бар.  

Бикеш
Жолға шықпағаныңыз жөн. Әйтпесе, түрлі қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін. Қаржылық жағдайыңыз жақсы. Бүгін маңызды шешімдер қабылдамаңыз. Сондай-ақ жұмыс орнын да ауыстырмағаныңыз жөн. Ұсақ-түйек мәселелерді оңай шешесіз.

Таразы
Бүгін сіздердің ескі жоспарларыңыз жүзеге асады. Бұл жоспарларға қатысты әлдекімдерден пайдалы ұсыныс түсуі мүмкін. Бірақ өзіңізге тым сенімді болмаңыз. Мұндай жағдайда жоғалтатыныңыз көп болады.

Сарышаян
Бүгін сіздің өміріңізде өзгерістер орын алады. Өмірде алға қойған мақсаттарыңызға жете аласыз. Жасаған барлық іс-әрекеттеріңіз абыройыңызды арттырып, достығыңыз нығайып және іскерлік байланыстарыңыз күшейеді.

Мерген
Бүгінгі күн жұмыс немесе оқу орнын ауыстыруға ыңғайлы уақыт. Табысыңызды көбейтуге мүмкіндік туып тұр. Қызметтік сатыда жоғарылайсыз. Түске дейінгі уақытта маңызды мәселелерді шешуге тырысыңыз.

Тауешкі
Бүгін жолға шығасыз. Демалыс екен деп үйде жай отырмайсыз. Кейбір «тауешкілер» алыс сапарларға шығуы да мүмкін. Көбісінің мақсаты жаңа білім алу, шығармашылық ізденсіке түсу болып табылады. Ал енді кейбірі өз махаббаттарын іздейді.

Суқұйғыш
Табысыңыз көбейеді немесе материалдық жағдайыңыз қалыпқа келеді. Егер қаржыңыз қажеттілігіңізге жетпей жатқан болса, қарыз алудан қорықпаңыз. Ең бастысы көздеген мақсатыңызға жетуге тырысыңыз, бірақ күйгелектенбеңіз.

Балықтар
Әрқашан сізден көмек сұрап, ақыл-кеңесіңізге жүгінетін достарыңыз немесе туыстарыңыз сіздің көңіл-күйіңіздің жоқтығына қарап ұнжұрғалары түседі. Сіздің көмегіңізге зәру жандар қадіріңізді түсініп, енді олар сізге көмектесуге тырысады.

kyzylorda-news.kz
18 наурыз 2019 ж. 574 0