Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ТОП ӨКІЛДЕРІ ТҮСІНДІРМЕ ЖҮРГІЗДІ

ТОП ӨКІЛДЕРІ ТҮСІНДІРМЕ ЖҮРГІЗДІ


Жақында мобильді топ аудандық ішкі іс­тер бөлімі қызметкерлерімен жүздесіп, елдің өркендеуіне тосқауыл болар қауіпті кеселмен үнемі күрес жүргізу керектігін айтты. Құқық қорғау саласы қызметкерлерімен кездесуге аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова, АІІБ-нің бастығы Е.Сағидуллаұлы, аудандық мәслихат депутаты, «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Е.Жақыпов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал кеңесшісі Б.Ахметов қатысты. Кездесуде аудан әкімінің орынбасары мобильді топтың мақсат-міндетіне тоқта­лып, аудан көле­мінде сыбайластыққа жол бермеу тұрғысында жұмыстар атқарылып жат­қандығын жеткізді. Мұндай заңсыздыққа жол бермеу үшін баршамыз біріге жұмыс жасап, тосқауыл қою қажеттігін де ескертіп өтті.
Жүздесуде аудандық мәслихат депутаты Е.Жақыпов сыбайластық мемлекеттің әлеу­меттік-экономикалық дамуына зор кедергі келтіретінін тілге тиек етіп, қоғам пікірін өзгерту керектігін айтты. Оның ішінде, жастар өз біліміне, күш-жігеріне сенсе, жемқорлықсыз да биік белес­терді бағындыруға болатынын атап көр­сетті. Ал «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал кеңесшісі Б.Ахметов партияның «Жем­қорлықсыз ел – гүлденген ел» жобасы негізінде жүйелі жұмыс жүргізілуде екенін жеткізді.
Жалпы, кездесуде мобильді топ өкілдері жемқорлықпен ымырасыз күресіп, мүлдем төзбеушілік таныту керектігін түсіндірді.

Е.БЕРКІНБАЕВ
27 қараша 2017 ж. 1 660 0