Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ТУҒАН ЕЛІМ – ТАҒДЫРЫМ

ТУҒАН ЕЛІМ – ТАҒДЫРЫМ


Туған елім – ардақтым, алтын күнім,
Байтақ ел боп шалқыған даңқың бұрын.
Қайта оралды қазақтың бар дәстүрі,
Қайта оянды ұйқыдан халқым бүгін.

Басы бірге тоғысып құралмаған,
Қиындықты көп көрді-ау қыран далам.
Бейнет кешіп, береке күйін шертіп,
Жеттік бүгін бәріміз бұған да аман.

Егеменді ел болды сүйікті елім,
Көтерілді мәртебем, биіктедім.
Тірлігімнің тынысы терең ағып,
Төбем көкке тұрғандай тиіп менің.

Ақылды қыз көбейді, ақылды ұлым,
Әлем танып атымды жатыр бүгін.
Елдігімді паш етті, ерлігімді,
Космоста Талғаттай батыр інім.

Қаншама ерлік жасалып қас қағымда,
Қас азайып, көбейді достарымда.
Қаһарман ел қазақтың туы бүгін,
Желбірейді Лондонның аспанында.

Жомарттығын танытып далам бүгін,
Жатыр халқым жаңғыртып заман үнін.
Президентім елімнің қамын ойлап,
Тілеп отыр жұртынның амандығын.

Туған елім – ардақтым ұлы есімді,
Сен арқылы жүректен жыр есілді.
Сенің туың биікте тұру үшін,
Қосам тынбай маңдай тер, үлесімді.

Мұхтар САҚТАПОВ,
ақын,
«Сырдария ауданының
Құрметті азаматы»
10 қараша 2018 ж. 2 852 0