Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » КҮРКЕТАУЫҚ ӨСІРУШІ

КҮРКЕТАУЫҚ ӨСІРУШІ


«Бизнестің жол қартасы – 2020» бағдарламасына орай қайтарымсыз несиеге ие болған асқарлықтардың бірі – Тамарахан Ұзақбаева. Ол аталмыш бағдарлама бойынша 250 мың теңге несие алып, 30 күркетауық сатып алды. Жолдасы Таңатар ауласы ішінен күркетауық тұратын арнайы қора тұрғызып берді. Ал, қызы Ақжан анасына көмекші.
-Күрке тауық өсіру ауыл тұрғындарын құс етімен және жұмыртқамен қамтуға мүмкіндік бермек. Оның әрқайсынан 10-12 келі ет өндірілетін көрінеді. «Балапанды күзде санайды» дегендей, алдағы көктемде кәсібімнің жемісін көремін деген үмітім зор. Құсқа берілетін жем-шөпті қысқа жетерліктей сайлап алдық,-дейді Т.Ұзақбаева.
Елбасының биылғы Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға айрықша мән берілген. Сондай-ақ, биыл өңір бойынша кәсіпкерлікті қолдау жылы. Асқар ауылында осы мүмкіндіктерді пайдаланып, өз кәсібін ашып жатқандардың қатары жыл сайын арта түсуде. Оның жарқын мысалы Тамарахан Ұзақбаеваның тың бизнес түрі күркетауық өсіріп жатқаны.
ШаҺарбек НҰРСЕЙІТОВ


04 қазан 2018 ж. 1 748 0