Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№87 газет

02 қараша 2024 ж.

№86 Газет

29 қазан 2024 ж.

№85 газет

25 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » КӘСІПЕРЛІККЕ – КЕҢ ӨРІС

КӘСІПЕРЛІККЕ – КЕҢ ӨРІС


«Мал-жан аман ба?» деп алдымен малдың содан кейін барып жанның саулығын сұрайтын қазақ емеспіз бе? Бұл орайда Асқар ауылында ата кәсіпке бет бұрып жатқан кәсіпкерлердің саны жылма-жыл көбейе түсуде. Биыл «Еңбек, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы мал бордақылау және мал басын көбейтуге байланыс­ты құны 14,0 млн. теңгенің екі жобасы қаржыландырылған. «Мал бордақылау» жобасы бойынша Күлайхан Нұржауова 4,0 млн. теңге, «Мал басын көбейту» жобасы бойынша Ерлан Жолмырзаев 10,0 млн. теңге несие алған. Сондай-ақ, жыл басынан бері «Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ ЖШС арқылы мал шаруашылығын дамыту, жүк тасымалдау және тігін цехын ұлғайтуға байланысты 5 жоба 12,5 млн теңгеге қаржыландырылған. Олар «Мал шаруашылығы» бойынша М.Айтмұханов – 1,5 млн. теңге, «Тігін цехы» бойынша Н.Ажарова-3,0 млн. теңге, «Мал шаруашылығы» бойынша Қ.Тойшыбек – 4,0млн. теңге, «Жүк тасымалдау» бойынша К.Ахметова – 2,0 млн. теңге, «Мал шаруашылығы» бойынша С.Ұзақбаева – 2,0 млн. теңге несие алып, жұмыс жасау­­да. Ал, «Бизнестің жол қартасы 2020» бағдарламасының грант бөлу тетігі бойынша конкурсқа құны 8,5 млн. теңгенің 8 жобасы ұсынылып, жеке кәсіпкер «М.Ибраевтің» құны -1,5 млн. теңге құрайтын «Балық шаруашылығын дамыту» жобасы, жеке кәсіпкер «А.Залиеваның» құны 500 мың теңгені құрайтын «Кондитерлік цех» жобасы, жеке кәсіпкер «Т.Ұзақбаеваның» құны 250 мың теңгені құрайтын «Қүркетауық асырау» жобасы жеңімпаз атанып, жұмыс жасауда. Сонымен қатар «Шуақ» шар­уа қожалығы егін егу жобасы бойынша – 3,1 млн. теңгеге қаржыландырылса, «Піржанов» шаруа қожалығының «Мал басын көбейту» жобасы қаржыландырылуды күтуде. Оның құны – 10 млн теңге, мұнда 5 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.
Ауыл бойынша «Бизнес Кеңесшісі» жобасы аясында 8 адам, «Бизнес Бастау» жобасы аясында 6 адам оқытылған. Сондай-ақ, «Сыбаға» бағдарламасы арқылы «Асыл тұқымды мал басын көбейту мақсатында» «Қалмұрат» шаруа қожалығы иесі Қ.Туғанбеков 56 млн. теңге несие алып, Ресейден 104 бас асыл тұқымды мал әкелуге жұмыс жасалуда.
Асқар ауылында басты сала – кәсіпкерлік бағыты бойынша осындай жұмыстар жүргізілуде. Кәсіптеріңіз – нәсіпті, еңбектеріңіз – өрісті болсын дейміз.


ШаҺарбек НҰРСЕЙІТОВ
03 қазан 2018 ж. 1 061 2

Гость JeaOrer от 17 ақпан 2019 18:32
Gunstige Levitra Buy Silagra Pills cheapest cialis 20mg Propecia Kvinner

Гость JeaOrer от 8 наурыз 2019 11:40
Priligy 60 Mg Une Critique Nexium Online Pharmacy Canada viagra Find Cheapeast Finasteride