Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ НӘТИЖЕСІ

НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ НӘТИЖЕСІ


Бүгінгі таңда Елбасы Жолдауында айтылған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы жүзеге асырылуда. Азаматтардың кәсіп ашуын жеңілдететін жоба негізгі үш бағыттан тұрады. Оның алғашқысында бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ететін болса, екінші бағытында жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ауылдар мен қалаларда несие беру жолға қойылуда. Ал үшіншісі –халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Бұл түптеп келгенде, елімізде кәсіпкерлікті дамытып, жұмыссыздық деңгейін азайтуға арналған бағыты айқын бағдарлама.
Қазақстан Республикасы Үкіме­ті­нің 2016 жылғы 29 желтоқ­сандағы №919 қаулысымен бекі­тіл­ген «Нәтижелі жұмыспен қам­ту­ды және жаппай кәсіпкерлікті дамы­тудың 2017-2021 жылдарға арнал­ған» бағдарламасы аясында аудан көлемінде тиісті жұмыстар жүргізі­луде. Оның ішінде, бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бағыты бойынша өткен жылы 199 сырдариялық білім алып, арнайы курстарды бітірген. Ал кәсіби білім алу үшін аудандық білім бөлімі арқылы 25 жас Сырдария агро-техникалық колледжде оқытылуда. Олар қазіргі таңда «дәнекерлеуші» мамандығын игеріп жатыр.
Бағдарламаның екінші бағыты – жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша былтырғы жылы 60 адамға 302 984,6 мың теңге несие берілген. Оның ішінде, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қоры арқылы 51 адам 211400,0 мың теңге, «Сырдария-1» несие серіктестігі» ЖШС 3 адамға 14984,6 мың теңге несие берген. Сондай-ақ, «Өңірлік инвестициялық орталығы» 6 жолдама бойынша (2 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне және 1 жұмыссыз азаматқа) 76600,0 мың теңге қаржы үлестірген. Осы­ның нәтижесінде, біраз адам кәсіп­кер­лік­ке бет бұрып, өз істерімен айналысуда.
Ал бағдарламаның үшінші – ха­ық­ты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқыр­лығы арқылы еңбек нарығын дамыту бағыты бойынша 2017 жылы жас­тар практикасына 230 жас 48 мекемеге, әлеуметтік жұмыс орындарына 20 мекемеге 91 азамат жолданыпты. Сонымен бірге, қоғамдық жұмысқа 386 адам жіберілген. Мұның өзі тұрғындардың жұмысты болып, нә­па­қа табуына септігін тигізген.
Жалпы, аталған бағдарлама ха­лықтың жұмыспен қамтылуына, өз­дерінің қолынан келетін ісімен айналысуына мүмкіндік туғызып отыр. Бұл бағдарламаның нәтижесінде, өткен жылы 710 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланса, ол артығымен орындалып, 918 жаңа жұмыс орыны ашылған. Осыған қарап, нәтижелі жұмыспен қамтудың нәтижесі айқын екенін білуге болады.
Енді аталмыш бағдарлама 2021 жылға дейін арналғанын ескерсек, биылғы жылы да айтарлықтай жұмыс жасалмақ. Оның үстіне, аймағымызда осы жыл – кәсіпкерлікті қолдау жылы болғандықтан көрсеткіш еселетініне сенім мол. Десе де, биылғы жылы бағдарламаның үшінші бағыты бойынша жастар тәжірибесіне республикалық бюджеттен 70 адамға 25252,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 20 адамға 7215,0 мың теңге, әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық бюджеттен 30 адамға 9362,0 мың теңге, облыстық бюджеттен қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 100 адамға 26400,0 мың теңге, қоғамдық жұмысқа аудандық бюджеттен 400 адамға 27810,0 мың теңге қаралып отыр. Сондықтан жұмысқа ынталылар жастар тәжірибесі, әлеуметтік, қоғамдық жұмыстарға баруы тиіс. Ең бастысы, қолынан іс келетіндер бағдарламаның тиімділігін пайдаланып, өз кәсіптерін ашып алғаны дұрыс. Ол үшін қазіргі таңда барлық жағдай жасалған. Тіпті, бизнес бастауға ниет білдірсеңіз, атқарушы билік «қолдан жетектеу» әдісімен кәсібіңіздің ашылуына барынша ықпал етеді. Сол себепті, мұндай мүмкіндікті құр жіберуге болмайды.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылы «Бірыңғай электрондық еңбек бир­жасын» кең ауқымда енгізу жұ­мыс­тары бастау алды. Онда бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы барлық ақпарат жинақталмақшы. Мұндағы мақсат – азаматтар үйлерінен шықпай-ақ кәсіби бағдарлы тест тапсырып, оқу курстары мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы біліп, өзін қызықтыратын жұмыс табатын болады.

Е.БЕРКІНБАЕВ

12 ақпан 2018 ж. 2 122 2

Гость JeaOrer от 10 ақпан 2019 23:21
For Sale Macrobid Medication Visa Overseas generic 5mg cialis best price Achat Misoprostol En Ligne Belgique Best Price Cephalexin Achat Cialis Sur Internet Avis

Stevnohope от 8 мамыр 2019 00:24
Acheter Kamagra Medicament Buy Periactin 4mg Canadian Cialis Prices viagra Site About Propecia Cialis Compara Prezzi