Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КОНДИТЕР АЙГҮЛ

КОНДИТЕР АЙГҮЛ


Иә, Асқар ауылында түрлі нан өнімдерін дайындайтын цехтың ашылғанына 28 қыркүйекте 1 ай толды. Цехтың иесі нан пісіруден тәжірибесі мол, облыс орталығынан 3 айлық кондитерлік курстан өткен ауыл тұрғыны Айгүл Зәлиева.
–Жеке кәсібімді бастауыма мемлекеттің қолдауы мүмкіндік берді. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қайтарымсыз несие беретін грантқа қатысып, 500 мың теңге ұтып алдым. Осы қаржыға газбен нан пісіретін екі пеш, бір торт жасайтын құрылғы сатып алынды. Кәсібімді дөңгелентіп кетуіме бұрын «Ағзамбек» ЖК наубайханасында жабылғанша жұмыс жасағаным және Қызылорда қаласында қысқа мерзімді курс­тан өткенімнің пайдасы тиді. Бір ай бұрын ауыл әкімі, ардагерлер цехты ашып, лентасын қиды. Жұмысымыз өнімді жүріп жатыр, - дейді А.Зәлиева.
«Дана» ЖК аталатын кондитерлік цехтың өнімдеріне ауылда сұраныс жоғары. «Нұр», «Ер Аз», «Ауыл», «Жанат», «Айжан» дүкендері және №135 А.Тоқмағамбетов атындағы мектептің асханасы нанды осы цехтан алады. Мұнда нан өнімдері сұранысқа байланысты пештен жаңа шыққандай хош иісті, жаңа күйінде таратылады. Кондитер келіншек цехта өзінен басқа екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Олар ауыл тұрғындары Ұлмекен Ақтаева мен Сәрсен Жарасбаева. Цехтың жұмысы ертеңгілік 8-ден басталып, түнгі 11-12-ге дейін жалғасады. Цехта нан пісірумен қатар сұраныс бойынша тойларға торттың түр-түрі, самса, бәліш, пицца, чебурки, лакомка, тағы басқа дайындалады. Уақытпен санаспай, нан өнімдерін ауыл халқына ұсынып отырған жандардың кәсіптерін одан әрі дамытуларына жан-жақты жағдай бар. Цех меңгерушісі жақында Шымқалада болып, тандыр нан пісіретін пешті көріп келіпті. Бағасы да қол жетімді. 150 мың теңге тұратын көрінеді. Ондағы шеберлер де келіп цехқа тандыр пешті орналастыруға ынталық танытып отыр. Дегенмен, қосымша ғимарат салу аз ғана уақытты алады. Оны бітірген бойда шымкенттіктерге хабар беріп, аталмыш пешті орнату күн тәртібінде тұр. «Кәсібін –нәсібім» деп сезінетін, өз ісінің шебері Айгүлдың жолдасы Асқар Шәкетов шаруашылықта озат механизатор. Ерлі-зайыптылар 1 қыз, үш ұл тәрбиелеп отыр. Қызы тұрмыста, үлкен ұлы студент, екі ұлы мектеп оқушылары. Мектеп шәкірттері сабақтан бос уақыттарында анасының қолқанаттары. Ауыл тұрғындарына мінсіз қызмет жасап, көпшілік алғысына бөленіп жүрген кәсіпкер келіншекке табыс тілейміз.

ШаҺарбек НҰРСЕЙІТОВ



04 қазан 2018 ж. 1 107 3

Гость JeaOrer от 11 ақпан 2019 20:36
Lioresal Acheter France Prix Xenical France Buy Plavix 75 Mg Uk cheap cialis online Finasteride Online Us Pharmacy

Гость JeaOrer от 4 наурыз 2019 02:01
Propecia Vente En Ligne viagra M

Stevnohope от 8 мамыр 2019 16:16
Zithromax Antibiotic Over The Counter Levitra Commentaires levitra on line Propecia In Women Hair Growth Naltrexone