МЕЙІРІМ ИЕСІ
Саналы ғұмырын медицина саласына арнаған мейірбике Күміскүл Шәріпқызының өмірі жайлы естелік айтуды өзіме парыз санаймын.
1944 жылы Жалағашта дүниеге келген Күміскүл Шәріпқызы мектепті тәмамдап, Қызылорда қаласындағы медициналық училищеге түсіп, оны 1964 жылы бітіреді. Алғашқы еңбек жолын Жалағаш аудандық ауруханада операциялық медбикеден бастайды. 1975 жылы жолдасы Рүстем Садықұлының қызмет бабының ауысуына байланысты, біздің аудандық ауруханаға жұмысқа келеді. Менің алғашқы таныстығым Күміскүл апаймен 1986 жылы басталды. Жас дәрігер ретінде аудандық емханада еңбек ететінмін. Емхананың аға медбикесі зейнеткерлікке шығып, орнына хирургия бөлімшесінен Күміскүл Шәріпқызы ауысып келді. Аймақтық дәрігерліктен, емхана меңгерушісі ретінде қызметке кіріскен бойым еді. Бір кабинетте үшеуміз – статист-маман Ляззат Көшербаева, аға медбике Күміскүл Шәріпқызы жұмыс істедік. Әрқайсысымыздың жұмысымыз өте көп болатын. Әсіресе аға медбикенің жұмысы бір сәтке де бас көтертпейтін. Бүкіл медицина саласына қатысты еңбекке жарамсыз парағын толтыруды да аға медбикеге жүктелген. Біз жауапты да, маңызды саланың міндетін тыңғылыкты атқаруды Күміскүл Шәріпқызынан үйрендік десем артық айтқандық болмас. Тәжірибелі медбике жас дәрігерлердің бағыт-бағдар алуына, қоғамдық жұмыстарға да араласуға көмегін тигізді. Қазір өзім аға буын өкілі ретінде жас кадрларға сол кісілер туралы айтудан жалыққан емеспін. Күміскүл Шәріпқызы бас дәрігердің жұбайы ретінде емес, үлкен ұжымның бір мүшесі болып адал еңбек етті. Қанша жыл өтсе де, әлі есімде, демалыс күні болатын, мен ауылдамын. Таңертең үйіме жедел-жәрдем көлігі келіп, жұмысқа алып кетті. Емханада Күміскүл Шәріпқызы тазалықпен айналысуды бастап кетіпті. Сөйтсе, емханаға жыл сайынғы диспансерлік бақылау келеді екен. Мәскеуден келетін комиссияны жақсылап күтіп алу бас дәрігердің абыройы, ал оның жұмысына қолдау көрсету, көмегін беру жұбайының міндеті. Апай екеуміз біріміз дәрігер, біріміз медбике екенбіз деп тәлімсінбей ұзыннан-ұзақ емхана дәлізін айнадай етіп тазаладық. Құжаттарды да реттеп, үлгердік. Бас дәрігердің адамгершілігі өте керемет еді. Қандай мейман келсе де өз үйінен дәм-тұз беріп, шығарып салатын. Қызметкердің көмегіне жүгіну Күміскүл апайға жат болатын. Ал, мәдени-көпшілік шаралар өткізуге келгенде шебер еді. Жаңа жыл кешін мәдениет үйінде ұйымдастыратынбыз. Дастарханға ас даярлауға білек сыбана кірісіп кететін. Сондай мейрамдарда жанына мені ертіп алып, кондитерлік цехқа баратынбыз. Үлкен ұжымға қажетті тәтті нан, тоқаштарды алып келіп, апайдың өзі бастамашыл болатын. Бір ауданның ауруханасы бастығының әйелімін деген өркөкіректікті білмейтін. Осындай қасиеттерін көріп, Күміскүл Шәріпқызын ұжымда да әріптестері жақсы сыйлайтын. Абзал жанның алдымен отбасының қамын ойламай, ұжымның мүддесін ойлайтын жан болғанын мына бір сәт есіме оралады. Жылда жаз айында медицина қызметкерлерін шөп оруға, масақ теруге жіберетін. Аптаның жұма күні болса керек, бас дәрігер жиналыс жасап, ертең шөп оруға баратынымызды айтты. Сонда Күміскүл апай «бұл жұмысты дүйсенбіден бастасақ, екі күн демалыста әркімнің отбасында тірліктері бар» деп ұсынысын айтты. Бас дәрігер ұсыныс қабылданбайтынын және қызметкерлерді бастап дәрігер ретінде мені және аға медбикені жіберетінін айтты. Таңертеңнен жүк көлігіне тиеліп, шөпке кеттік. Апай үнемі самаурынын алып жүретін. Түстен кейін жұмысты аяқтап қайтуға қамдандық. Сонда апай кешке дейін қалуға, өз ойын білдірді. Самаурынға шәй қойып, қалған үш кісі кешке дейін табиғатта демалдық. Бір кезде бас дәрігеріміз Рүстем Садықұлы өз көлігін жіберіпті. Бізді ауылға алып қайтты. Ерлі-зайыптылардың бір-бірін осындай ың-шыңсыз әрекетімен түсініскендеріне қайран қалдым. Отбасындағы шеттей бала-шағаны сылтауратпай қандай жұмыста да алдыңғы шепте жүретін алтын кісі еді-ғой апа жан.
Қолы ашық, барынша қамқор ата-ана өзі үлде мен бүлдеге оранбай балаларын оқытты. Күміскүл Шәріпқызы бауырларына да қамқор болатын. Сіңілісі Семейде оқығанда, жаңа пальто әперіп, қолында барын салатын. Ағайын-туыс қамын ойлайтын, ағайға емес, шаруасы болса туыстары алдымен апайға келетін. Тағы бір ойыма келгені, жұмыс қызып жатты. Кабинетке ер кісі келіп отырды. Күміскүл апай құжаттан бас алмай жазып отыр. Біраз уақыт өткенде алдында отырған кісіге қарап, мән берді. Қайнағасы бұл әрекетіне түсіністікпен қарап, бәріміз мәз болдық. Жұмысына тиянақты, тазалыққа қатты қарайтын аға медбике айналасындағыларға үлгі болатын. Жолдасы қаншалықты қатал болса, апай барынша сабырлы еді. Жас кезімізде қызығушылығымыз бен әуестігіміз ұқсас болды. Бөлме гүлдерін өсірдік. Көз жауын алатын гүлдеріміз талай мерекелердің ажарын кіргізді. Емхананың іші жасыл желекке тола, адамдардың көңілін еріксіз аударатын. Апаймен бірге қызмет еткен жылдарымды еске алып, ол кісінің бір ғана аға медбикеліктен зейнетке шыққанын ерекше бағалаймын. Апай туралы жылы лебізді осы күні әріптестерім Н.Оралбаева, С.Ерімбетов, А.Жакупова, Ш.Хасанова, Қ.Хисметовалар да айтып жүр. Жаныңда жақсы адам жүрсе, сенің жаман болуға қақың жоқ дегендей, қазіргі аға буынға жол көрсетіп, аналық мейірімін аямаған жан туралы сыр шерту қандай ғанибет. «Орнында бар оңалар»– демекші, 51 жыл отасқан ағаймен 4 қыз, 2 ұл тәрбиелеп, өсіріп, немере-шөбере сүйген асыл жан өмірден бақытты болып өтті. Төрт перзенті дәрігерлік жолды таңдаса, екі бала мұғалім болды. Бәрі бір-бір шаңырақ иесі атанып, абыройлы еңбек етіп жүр. Ана жүрегі тоқтағанымен, оның тірлігін жалғастырушы ұрпақ бар. Ана тілегі, арманы орындалды деген осы. Өмірден өзі кетсе де, көзін көргендер Күміскүл апай туралы әлі талай айтар...

Тәжігүл РАМАНҚҰЛ,
Жоғарғы санатты дәрігер, «Денсаулық
сақтау саласының үздігі»
Жоғарғы санатты дәрігер, «Денсаулық
сақтау саласының үздігі»