Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » МАЙДАНГЕР – ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП САҚШЫСЫ

МАЙДАНГЕР – ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП САҚШЫСЫ


Тұрсын Мұхамеджанов 1922 жылы 15 тамызда Қызылорда облысы Сырдария ауданының бұрынғы №6 Сталин колхозында шаруа отбасында дүниеге келген. Ол ата- анасынан ерте айырылып, жетімдіктің тақсіретін тартты. Жастайынан білімге құштар болған жасөспірім 1938 жылы 16 жасында Сырдария ауданының Ортақшыл толық емес орта мектебін бітіреді. Содан соң Қызылорда қаласындағы Қазақ педагогикалық училищесіне оқуға қабылданады. Осы арнаулы оқу орнының 2 курсын бітіргеннен кейін 1942 жылдың ақпанында Тұрсын Мұхамеджанов қан майданға алғашқылардың қатарында аттанады. 1942 жылдан 1949 жылға дейін КСРО-ның мемлекеттік шекара күзетінде қызмет етеді. Атап айтатын болсақ 1942 жылы ІІМ-нің 50 атқыштар резервтік шекарашы әскерлер полкінде, 1942-1945 жылдары 69 атқыштар жасағында, 1945-1948 жылдары Риганың атқыштар жасағында, 1948-1949 жылдары Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінің 57 атқыштар шекара жасағында қызмет етіп, ерлігімен, батырлығымен көзге түсті. Қан майдан мен ел шекарасы күзетінде көрсеткен ерліктері үшін Т.Мұхамеджанов «Германияны жеңгені үшін», «Жапония жеңісі үшін», «Ұрыстағы ерлігі үшін» және «Кеңес Армиясы мен флотының 30 жылдығы» медальдарымен марапатталған. Т.Мұхамеджанов 7 жыл Отан қорғау қызметінде жүріп, елге 1949 жылдың мамыр айында оралған. Майдангер шинелін шешпестен, осы жылдың маусым айында Қызылорда облыстық мемлекеттік қорғаныс министрлігі басқармасына қарасты жедел атқыштар заставасының жедел іздестіру бөліміне жұмысқа орналасты. Ол біліктілігін жетілдіру мақсатында 1950-1951 жылдары Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінің Алматы қаласындағы жедел құрамын даярлау мектебіне түсіп, оқиды. Ал, арнайы мектепті бітіргеннен кейін 1951-1956 жылдары Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінің Ақмола облысы №101 Есіл аудандық бөлімі комендатурасында коменданттың көмекшісі болып қызмет жасады. Осы тұста Ақмолада бүкіл одақ бойынша Тың игеру жұмыстары жүргізіліп жатқан болатын. Т.Мұхамеджанов өз саласы бойынша бүкілхалықтық іске белсене араласты. 1959 жылы елге оралып, Жалағаш аудандық жергілікті учаскелік милициясында, 1959-1963 жылдары Сырдария аудандық жергілікті милиция бөлімінде жоғарғы жедел іздестіру криминалисі болып қызмет атқарды. 1963-1967 жылдары Сырдария аудандық атқару комитетінде жергілікті милиция бөлімінің учаскелік милициясы, 1967-1969 жылдары Тереңөзек аудандық атқару комитетінің жергілікті милиция бөлімінің учаскелік милициясы, 1969-1975 жылдары Тереңөзек аудандық Ішкі істер бөлімінде учаскелік инспектор, 1975-1979 жылдары Тереңөзек аудандық Ішкі істер бөлімінде күзет бөлімінің бастығы қызметін мінсіз атқарды.
Ішкі істер саласындағы жемісті еңбегі үшін I және II дәрежелі «Мінсіз қызметтері үшін», «Кеңес милициясының 50 жылдығы», «КСРО Қарулы күштерінің 50 жылдығы» медальдарымен және «Милиция үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Майдангер Т.Мұхамеджанов асыл жары Гүлжахан Ермаш­қызымен бірге он ұл-қызды дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірді.
Ардагердің жолын қуған ұлдары мен немерелері де қоғамдық тәртіпті сақтау жолында қызмет етеді. Соғыс ардагері Т.Мұхамеджанов 1983 жылы дүниеден озды.

Ш.НҰРСЕЙІТОВ
14 тамыз 2018 ж. 1 326 2

Гость JeaOrer от 18 ақпан 2019 01:01
Au Maroc Achat Clomid Kamagra With Paypal Uk viagra How Do I Last Longer

Гость JeaOrer от 9 наурыз 2019 00:03
Kosten Levitra Bayer Vital generic cialis canada Want To Buy Macrobid. Discount Fedex Direct Macrobid 100mg No Script Needed. Macrobid Worldwide Shop How To Purchase Propecia Propecia Male Fertility Sperm Count