АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
ЖЕРЛЕС ДӘРІГЕРЛЕР ЖАНАШЫРЛЫҒЫ
Ауданның 90 жылдық айтулы мерейтойына орай еліміздің үлкен қалаларының денсаулық сақтау саласында абыройлы еңбек етіп жүрген жерлес білікті дәрігерлер аудандық аурухана базасында шеберлік сыныбын (мастер-класс) өткізу, тәжірибе алмасу, ауруханада жатып емделушілерді қарау, кеңес беру, амбулаториялық емделушілерді қабылдау, клиникалық түсіндіру жұмыстарын жүргізетіндіктерін айтқан болатын. Туған жерге тағзым жасап, қолдан келген көмегін ұсынуға ниет білдірген білікті жерлес дәрігерлердің ұсынысына сәйкес аудан тарапынан тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда. Осыған орай, аудан тұрғындары үшін төмендегі мәліметті хабарлаймыз.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы медицина саласы профессорлар клубының төрағасы Марат Шадыбайұлы Абдуллаев, медицина ғылымдарының докторы, «КазМУНО» ангио және рентгендік-эндоваскулярлық хирургия профессоры Серік Ерішұлы Тұрсынбаев, жоғары санатты хирург, Алматы қаласындағы темір жол ауруханасының клиникалық-оқыту орталығы директорының орынбасары Алик Сәруарұлы Искаков, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер, Алматы қалалық клиникалық ауруханасының реанимация және интенсивті терапия бөлімінің меңгерушісі Ғалымжан Қайырханұлы Пірмағанбетов аудан тұрғындары үшін медициналық көмектер көрсетеді.
Аталған шаралар аудандық аурухана мен емханада 8-9 тамыз күндері өткізіледі. Осы мүмкіндікті пайдаланып, жоғары санатты дәрігерлерден кеңес алып, емдеу шараларына қатысуға болады. Қабылдауға келіп, мазалаған сырқатыңыздың себебін анықтағыңыз келсе, арнайы мамандарға жүгініңіз. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Қосымша мәліметті 8 (724-36) 21-1-78 телефон нөмері арқылы білуге болады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Пікір 1