Мәмелінің қара дүкені
«Бір жоқты, бір жоқ табады», дегендей ойда жоқта Жанкент жерінің бір қазынасына жолықтым. 2012 жыл болатын, ауылға Алматыдан қонақтар келген.
– Бұл Ғалияның жазатынын білеміз, қазір немен айналысып жүрсің? – деп сұрады Тілектес Райымбайұлы Ұзақбаев ағам.
– Ғани туралы деректер жинастырудамын, – деп ішкі ойымды сездірдім. Сонда:
– Оның несі бар, музейде бәрі тұрған жоқ па? – деді Тілектес ағам тағыда. Бұны естіген жеңгеміз Орынбасар қарсы уәж айтып:
– Тілектес, олай деме, музейде бар болса бар шығар, бірақ менің әкем Нағашыбай: «Ғани туралы деректердің көбі ойдан шығарылған», – деп айтып отырушы еді – Мен Ғанидың апасының қызымын ғой...
Сөзді әрі қарай жалғаудың реті келмеді де, олар Алматыға қайтып кетті. Кейін телефон шалып, Нағашыбайқызы Орынбасар апамнан көп нәрсеге қанық болдым.
Өркендеуде Жиенейдің Боранбайы Балшан бай деген кісі өмір сүрген. Сол Балшанның ұрпағына апаның әкесі туған жиен екен. «Қожа мен молданы қойдай қу қамшымен», – деген саясаттың кезінде Қосым қожаның ұрпақтары Қарабала балалары Үмбетәлі, Мәмелі, Маханбетәлі, Үржан, Саналы, Нағашыбай деген қожалар қашып келіп, Жанкентті паналайды. Мәмелі Құрымбай Аман деген кісінің Айсагүл деген қызын алады. Қожалар Қарабалаев болудан қорқып, Балшанов болып жазылады. Нағашыбайдың ағасы Саналының әйелі Балауса Ғанидың апасы. Балаусамен бауырлас Аяуша атты қыз Қармақшыға күйеуге тиеді. Балауса марқұм: «Қазалыдан мектеп бітіргеннен кейін Ғани бауырымды көрмедім, тіпті кімді алғанынын да білмеймін» деп айтады екен. Өздері өкіметтің құрығынан қашып жүріп, қайдан ізденсін? Саналыдан Досымбай Балшанов деген бала болып, оны Нағашыбай Бауман атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясына оқуға түсіреді де, Балауса қайнысының қызы Орынбасарды бауырына басады. Досымбай Балшанов Қазақ КСР-нің Ауыл шаруашылығы министрлігінде қызмет етеді де 1960 жылдары бұл әулет Шымкентке қарай ошарыла көшеді.
Қожалар қуғын-сүргінге ұшыраған 1930 жылдың оқиғаларынан ескерткіш ретінде қазір Жанкент маңында Мәмелінің қара дүкенінің орны жатыр. Мәмелінің ағасы Үмбетәлі 25 жасында қайтыс болады да, қызы Райкүл қалады. Әкесі қызын бауырына басып сүйгісі келсе де, әке-шешесінен бата алмай жеңгелеріне сақина істеп беріп, сәбиін алдырып, маңдайынан иіскейді екен. Үмбетәлі өлген соң, «Ақтан» батыр ауылына шығар жолдағы диірменнің түбіне жерленеді. Мәмелі Райкүлді бауырына басады. Жанкент колхозына керекті құрал-сайманның барлығы Мәмелінің қолынан шығады. «Мәмелі соққан орақ пен кетпен өткір әрі жүзін тот шалмай жарқырап тұрушы еді», – дейді өркендеулік Бегімбай ақсақал.
Мәмелі ер де соғады екен. Алдыңғы басы күмістелген ер өркендеулік Үмбетәлінің жиені Райымбаев Жалғастың үйінде әлі күнге сақтаулы. Бұл кісі ұстаған қара дүкенге түнеген адамдар ауруынан сауығып кететін болған. Жанкенттің тұрғыны Шәрібай мен Мамықша да бір баланың жоқтығының зарын тартады. Шәрібайдың шешесі Ақбала келіні мен баласын Мәмелінің қара дүкеніне түнетіп, өзі аян көреді. «Ақ сандығым ашылып, ішінен жібек шашылып жатыр екен. Құдай берді, бұйырса балалы боламыз, қыздарыңның есімін орысқа жақындатып қой деп еді», – деп жүрегі өзінде болмай қуанып жүреді. Ұзамай өмірге қос қыз келеді. Бірінің есімі – Орыскүл, екіншісінің аты – Орыссұлу қойылады. Орыскүл Әбдімәлік баласы Төремұратқа тұрмысқа шығып, ұл-қызды болды. Ал Орыссұлу Шәрібаева №104 мектепте ұзақ жыл мұғалімдік қызмет атқарды. Орыссұлудың бойындағы ар тазалығы, атадан келген тектілік пен сабырлы мінез үйлесіп, ізін қуып келе жатқан көптеген шәкірттерге үлгі болып, зейнетке шықты.
Қасиетті әулеттен шыққан перзенттердің жаратылысы да бөлек болады екен. Мәмелінің қара дүкенінің басына «Бұл жерде қожалар Қарабала баласы Мәмелі, Үмбетәлі, Маханбетәлі, қыздары Райкүлдің қара дүкені болған» деп құлыптасқа жазылып қойылған. Ендігі кезек Мәмелінің қара дүкенінің басына түнеухана салынса, рухы жебеп, құдығынан су ішушілерге нұр жауар еді деген тілек бар.
Ғалия ОРЫНБАСАР